Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" (бұдан әрі - кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. "Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 470-184-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"470-184-2 "Республикалық техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың және
біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімдегі реттік нөмірі 77-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"77-2 «"Республикалық техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың
және біліктілікті берудің
ғылыми-әдістемелік орталығы";
3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 122-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"122 "Республикалық техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың
және біліктілікті берудің
ғылыми-әдістемелік орталығы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны".