Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1395 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      2) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың:
      1) "Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 431 қаулысының ;
      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының;
      3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 191-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1395 қаулысымен   
бекітілген       

      Ескерту. Біліктілік талаптары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақтан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1395 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.11 № 22 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің;
      заңды тұлға үшін:
      тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазулармен немесе шарттармен расталған жоғары білімінің және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысының;
      штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуының;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стенділік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының);
      3) жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаты көрсетілген жобаның болуын қамтиды.