Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1387 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі