Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, оның ішінде өсімдік пен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау және 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы  келісімді (Нұра өзенін тазарту жобасы) іске асыру мәселелері жөніндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 1-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы»23 қазандағы
N 987 қаулысына 
1-қосымша     

       Ескерту. Комиссия құрамына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1387 Қаулысымен.

           Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру
          мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбділдәұлы          Қоршаған ортаны қорғау министрі,
                           төраға

Айтжанов                 - Қазақстан Республикасының
Дулат Нулиұлы              Ауыл шаруашылығы вице-министрі,
                           төрағаның орынбасары

Бірәлиев                 - Қазақстан Республикасының
Әлжан Хамидуллаұлы         Қоршаған ортаны қорғау
                           вице-министрі, төрағаның орынбасары

Темірханов               - Қазақстан Республикасы
Кеңес Қайыргелдіұлы        Қоршаған ортаны қорғау
                           министрлігінің Табиғатты қорғауды
                           бақылау комитеті төрағасының
                           орынбасары, хатшы

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы             және коммуникация вице-министрі

Петров                   - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович         Төтенше жағдайлар вице-министрі

Райымбеков               - Қазақстан Республикасының Жер
Каналбек Өтжанұлы          ресурстарын басқару агенттігі
                           төрағасының орынбасары

Әзбергенов               - Қазақстан Республикасы
Дулат Байдалиұлы           Экономикалық қылмысқа және
                           сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                           агенттігі (қаржы полициясы)
                           Экономикалық және қаржылық
                           қылмыстарды ашу департаментінің
                           бастығы (келісім бойынша)

Оңғарбаев                - Қазақстан Республикасы Білім
Еркін Әнуарұлы             және ғылым министрлігі Ғылым
                           комитетінің төрағасы

Рябцев                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич        шаруашылығы министрлігі Су
                           ресурстары комитетінің төрағасы

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасы
Нәсіполла Зейноллаұлы      Қоршаған ортаны қорғау
                           министрлігі Табиғатты
                           қорғауды бақылау
                           комитетінің төрағасы

Хадыркеев                - Қазақстан Республикасы Ауыл
Наурызбай Абдулбақиұлы     шаруашылығы министрлігі Орман
                           және аңшылық шаруашылығы
                           комитетінің төрағасы

Әбдіреев                 - Қазақстан Республикасы
Батырбек Сейтенұлы         Индустрия және сауда министрлігі
                           Өндіріс және ғылыми-техникалық
                           даму комитеті төрағасының
                           орынбасары

Алпысбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі
Ғазымбек Алпысбайұлы       істер министрлігі Әкімшілік
                           полиция комитеті төрағасының
                           орынбасары

Берқалиев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Құсайын Иманғалиұлы        қауіпсіздік комитеті Шекара
                           қызметі директорының бірінші
                           орынбасары (келісім бойынша)

Дүйсебаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сержан Дәмебайұлы          министрлігі Кедендік бақылау
                           комитеті төрағасының орынбасары

Ромашов                  - Қазақстан Республикасы Ауыл
Юрий Төлегенұлы            шаруашылығы министрлігі Балық
                           шаруашылығы комитеті төрағасының
                           орынбасары

Бертісбаев               - Қазақстан Республикасы
Несіпқұл Бертісбайұлы      Энергетика және минералдық
                           ресурстар министрлігі Электр
                           энергетикасы және қатты отын
                           департаментінің директоры

Ермекова                 - Қазақстан Республикасы
Несіпбала Әбсағитқызы      Экономика және бюджеттік
                           жоспарлау министрлігі Экономика
                           секторларын дамыту департаментінің
                           директоры

Әбішева                  - Қазақстан Республикасы
Құралай Қазтайқызы         Президентінің Әкімшілігі
                           Әлеуметтік-экономикалық талдау
                           бөлімінің бас сарапшысы
                           (келісім бойынша)

Есематова                - Қазақстан Республикасы Бас
Айғаныс Бақытжанқызы       Прокуратурасы басқармасының аға
                           прокуроры (келісім бойынша)

Мұсатаев                 - Қарағанды облысы әкімінің
Мұрат Хабдылжаппарұлы      орынбасары

Белоног                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович     министрлігі Мемлекеттік
                           санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                           комитетінің төрағасы - Қазақстан
                           Республикасының Бас мемлекеттік
                           санитарлық дәрігері
 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 23 қазандағы
N 987 қаулысымен
бекітілген   

  Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеті:
      1) министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, оның ішінде биологиялық әралуандығын сақтау, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
      2) 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде әрекет ететін»"Нұра өзенін тазарту"»жобасын іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      4. Комиссияның функциялары:
      1) экологиялық қауіпті шаруашылық қызмет түрлерін бағалау мен болжауды жүргізу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау;
      3) қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдалануды басқару жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар дайындау;
      4) табиғатты қорғау қызметіне қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) "Нұра өзенін тазарту" жобасын іске асыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыз қаражатын тиімді пайдалану бойынша мәселелерді үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      6) ластанған қалдықтарды сақтау үшін құрылыстарды жобалауға және салуға, сондай-ақ өзеннің арнасы мен жайылмасын тазалау өндірісі кезінде жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды барынша пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғатты пайдалану үдерісін реттеу жөнінде ұсыныстар және қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын жалпы қабылданған халықаралық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізуге;
      2) экологиялық қауіпті қызмет түрлерімен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдерін, табиғатты қорғау мәселелерімен айналысатын орталық және облыстық атқарушы органдардың, табиғатты қорғау мемлекеттік мекемелерінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларын комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға;
      3) Комиссия функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.

  4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Комиссияның төрағасы: Комиссияға басшылықты жүзеге асырады; Комиссия отырысының күн тәртібін анықтайды.

      9. Комиссия төрағасының орынбасарлары төраға болмаған кезеңде оны алмастырады.

      10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.

      11. Комиссияның отырысы қажеттілік бойынша, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

      12. Отырыстың күн тәртібі, сондай-ақ отырыстың өткізілу уақыты мен орнын Комиссия төрағасы белгілейді.

      13. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс берілсе қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      14. Комиссия мүшелері шешім қабылдаған кезде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

      15. Комиссияның шешімі Комиссия отырыстарының хаттамалары түрінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жеткізіледі.

      16. Комиссияның қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады.
      Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты   қорғауды бақылау комитеті болып табылады.
      Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес және өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері жөніндегі жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып табылады.
      "Нұра өзенін тазарту" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті   болып табылады.

  5. Комиссияның қызметін тоқтату

      17. Комиссия:
      бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе өзге комиссия құрылған;
      Комиссияның міндетін орындалмайтын не оның орындалуын орынсыз ететін өзге мән-жайлар жағдайында өз қызметін тоқтатады.

      18. Комиссия қызметінің тоқтатылуына әкелетін мән-жайлар туындаған кезде Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті белгілеген тәртіппен Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын Үкіметке енгізеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы»23 қазандағы
N 987 қаулысына 
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 31, 313-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі N 772  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 177  қаулысы .

      4. "Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 1169  қаулысы .

      6. "Нұра өзенін тазарту" жобасын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үйлестіру комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 320  қаулысы .

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25  мамырдағы N 451  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 19, 184-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 шілдедегі N 639  қаулысы .