Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  44-бабына  сәйкес, отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.

      2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде, отандық әлеуетті өнім берушілерден осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 25 пайызы көлемінде   заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1353 қаулысымен   
бекітілген      

  Мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті
өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

      1. Азық-түлік тауарлары:
      1) ұн, оның ішінде фортификацияланған бидай ұны;
      2) нан, нан-тоқаш өнімдері, оның ішінде фортификацияланған бидай ұнынан жасалған;
      3) макорон өнімдері;
      4) жармалар;
      5) сүт, кілегей;
      6) сары май және өсімдік майлары;
      7) ашыған сүт өнімдері;
      8) ет (жас, консервіленген), ет өнімдері;
      9) шұжық өнімдері;
      10) балықтан жасалған өнімдер (жас, жас мұздатылған, ысталған);
      11) алкогольсіз сусындар, шырындар;
      12) кондитерлік бұйымдар;
      13) жұмыртқа;
      14) табиғи бал;
      15) балалар тағамы;
      16) көкөністер, жеміс-жидектер (консервіленген), картоп;
      17) тұз, оның ішінде йодталған ас тұзы;
      18) тауықтар (тауықтың саны);
      19) кептірілген жемістер;
      20) ашытқылар;
      21) томат пастасы;
      22) тұздықтар;
      23) ауыл шаруашылығы шикізаты;
      24) теңіз өнімдері, балықтан және теңіз өнімдерінен жасалған консервілер;
      25) ірімшік (қатты, жұмсақ, тұздалған);
      26) татымды заттар және дәмдеуіштер;
      27) сорпа концентраттары;
      28) саңырауқұлақтар;
      29) бақша және жабайы жемістер.
      2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
      1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киім-кешек заттарын қоспағанда, теріден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, теріден тігілген бас киімдер;
      2) әскери құрамаларға арналған арнайы киім-кешекті және ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киім-кешегін қоспағанда, трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
      3) әскери құралымдарға арналған арнайы киім-кешекті және ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киім-кешегін қоспағанда, тігін бұйымдары;
      4) аяқ киім;
      5) аяқ киім майы;
      6) тұрмыстық, мектеп және офистік жиһаз;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырғалық жабындылар;
      едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
      кірпіш;
      құм;
      кесілген ағаш материалдары;
      ағаш бұйымдары;
      шыны пакеттер;
      санфаянс;
      пенопластикалық тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдар, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлары;
      жылу сақтайтын материалдар;
      лак-бояу бұйымдары;
      еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
      шегелер;
      8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
      9) байланыс құралдары, кабель және шығыс материалдары;
      10) жууға арналған заттар;
      11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
      12) музыкалық аспаптар;
      13) медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
      14) су тұшыту жабдығы;
      15) дәрілік заттар мен дәрілік препараттарды өндіруге арналған минералдық шикізат;
      16) тоқыма шикізаты;
      17) жер бетіндегі органикалық заттар;
      18) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;
      19) қой терісінен жасалған бұйымдар;
      20) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;
      21) киізден жасалған бұйымдар;
      22) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      23) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      24) қол өнершілер бұйымдары;
      25) бау-бақша, бақша құралдары;
      26) былғарыдан жасалған бұйымдар;
      27) спорт тауарлары;
      28) төсек керек-жарағы.
      3. Жұмыстар мен қызметтер:
      1) ағымдық жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары;
      2) автомобиль техникасын жөндеу;
      3) көліктік-экспедициялық;
      4) күрделі тұрмыстық-техниканы жөндеу;
      5) ғұрыптық;
      6) қоғамдық тамақтандыру қызметі;
      7) тұрмыстық (монша-кір жуу, химиялық тазалау);
      8) ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
      9) киімдер (арнаулы киімдер) және аяқ киім тігу және жөндеу;
      10) суретке түсіру қызметтері;
      11) мемлекеттік маңызды емес белгілер, марапаттау кубоктары, вымпелдер, жалаулар дайындау;
      12) былғары, пластмасса және металл галантерияларын жөндеу;
      13) балалар мен мектеп мекемелері үшін тамақ өнімдерін жеткізіп беру;
      14) аударма ісі қызметтері;
      15) мөртабан-мөр және жібек жазба;
      16) жарнамалық-ақпараттық және баспа қызметтері.