Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 44-бабына сәйкес, отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы (бұдан әрі - номенклатура) бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен.

      2. Номенклатурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер, отандық кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 пайызы көлемінде жүргізіледі.
      Осы талап номенклатурада көрсетілген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген біртекті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қолданылады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен.

       2-1. Егер осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда номенклатурада көзделген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүргізіледі.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1353 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті
өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

      1. Азық-түлік тауарлары:
      1) ұн, оның ішінде фортификацияланған бидай ұны;
      2) нан, нан-тоқаш өнімдері, оның ішінде фортификацияланған бидай ұнынан жасалған;
      3) макорон өнімдері;
      4) жармалар;
      5) сүт, кілегей;
      6) сары май және өсімдік майлары;
      7) ашыған сүт өнімдері;
      8) ет (жас, консервіленген), ет өнімдері;
      9) шұжық өнімдері;
      10) балықтан жасалған өнімдер (жас, жас мұздатылған, ысталған);
      11) алкогольсіз сусындар, шырындар;
      12) кондитерлік бұйымдар;
      13) жұмыртқа;
      14) табиғи бал;
      15) балалар тағамы;
      16) көкөністер, жеміс-жидектер (консервіленген), картоп;
      17) тұз, оның ішінде йодталған ас тұзы;
      18) тауықтар (тауықтың саны);
      19) кептірілген жемістер;
      20) ашытқылар;
      21) томат пастасы;
      22) тұздықтар;
      23) ауыл шаруашылығы шикізаты;
      24) теңіз өнімдері, балықтан және теңіз өнімдерінен жасалған консервілер;
      25) ірімшік (қатты, жұмсақ, тұздалған);
      26) татымды заттар және дәмдеуіштер;
      27) сорпа концентраттары;
      28) саңырауқұлақтар;
      29) бақша және жабайы жемістер.
      2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
      1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
      2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
      3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
      4) аяқ киім;
      5) аяқ киім майы;
      6) тұрмыстық, мектеп және офистік жиһаз;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
      едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
      кесілген ағаш материалдары;
      ағаш бұйымдары;
      шыны пакеттер;
      санфаянс;
      пенопластикалық тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлары;
      жылу сақтайтын материалдар;
      еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
      шегелер;
      қыш тақтайша және тақталар;
      қыш, силикат әрлегіш кірпіш;
      қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
      табиғи, кварц құм;
      шыны блоктар;
      полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
      лак-бояу материалдары;
      керамогранит;
      жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
      құрғақ құрылыс қоспалары;
      металдан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
      жылу радиаторлары;
      жабын және су оқшаулағыш материалдар;
      құрылыс битумы;
      керіштен жасалған картон;
      ұтқыр ғимараттар;
      жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
      сэндвич-панельдер;
      темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрастырмалары;
      армирленбеген бетоннан жасалған бұйымдар;
      ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;
      8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
      9) байланыс құралдары, кабель және шығыс материалдары;
      10) жууға арналған заттар;
      11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
      12) музыкалық аспаптар;
      13) медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
      14) су тұшыту жабдығы;
      15) дәрілік заттар мен дәрілік препараттарды өндіруге арналған минералдық шикізат;
      16) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен).
      17) жер бетіндегі органикалық заттар;
      18) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;
      19) қой терісінен жасалған бұйымдар;
      20) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;
      21) киізден жасалған бұйымдар;
      22) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      23) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      24) қол өнершілер бұйымдары;
      25) бау-бақша, бақша құралдары;
      26) былғарыдан жасалған бұйымдар;
      27) спорт тауарлары;
      28) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен).
       29) дайын тоқыма бұйымдары;
      30) өрт сендіргіштер;
      31) орталық жылу қазандықтары;
      32) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
      33) минералды тыңайтқыштар;
      34) электротехникалық бұйымдар;
      35) автокөлік құралдары:
      жеңіл автомобильдер;
      жүк автомобильдері;
      жолаушылар автобустары;
      36) өлшеу құралдары;
      37) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
      38) мүгедектерге арналған кресло-арбалар.       
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.22. N 756 Қаулысымен.


      3. Жұмыстар мен қызметтер:
      1) ағымдық жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары;
      2) автомобиль техникасын жөндеу;
      3) көліктік-экспедициялық;
      4) күрделі тұрмыстық-техниканы жөндеу;
      5) ғұрыптық;
      6) қоғамдық тамақтандыру қызметі;
      7) тұрмыстық (монша-кір жуу, химиялық тазалау);
      8) ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
      9) киімдер (арнаулы киімдер) және аяқ киім тігу және жөндеу;
      10) суретке түсіру қызметтері;
      11) мемлекеттік маңызды емес белгілер, марапаттау кубоктары, вымпелдер, жалаулар дайындау;
      12) былғары, пластмасса және металл галантерияларын жөндеу;
      13) балалар мен мектеп мекемелері үшін тамақ өнімдерін жеткізіп беру;
      14) аударма ісі қызметтері;
      15) мөртабан-мөр және жібек жазба;
      16) жарнамалық-ақпараттық және баспа қызметтері.