Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1333 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
      "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 73-жолда:
      4-бағандағы "2005-2009" деген сандар "2005-2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "3 000 000" деген сандар "4 000 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-бағандағы "1 000 000" деген сандар алып тасталсын;
      "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолдағы "10 156 707" деген сандар "11 156 707" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 303-жолда:
      5-бағандағы "1 689 000" деген сандар "689 000" деген сандармен ауыстырылсын; 
      7-бағандағы "1 689 000" деген сандар "689 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бағдарламадан тыс жиыны" деген жолдағы "155 629 262" деген сандар "154 629 262" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі