Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1321 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Темір жол көлігі қызметкерлерінің тәртібі туралы жарғыны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 1994 жылғы 9 тамыздағы N 887  қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы темір жол көлігіндегі әскерилендірілген күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы N 1341  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 27 қарашадағы N 1598  қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы темір жолдарының уақытша жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қаңтардағы N 70  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 шілдедегі N 1085  қаулысы .

      6. "Алматы - Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат - Ақшатау учаскесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 тамыздағы N 1083  қаулысы  (ҚР Үкіметінің 19.02.03 ж. N 176 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 тамыздағы N 1083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы N 176  қаулысы .