"Алматы-Астана автожолын оңалту" жобасының Гүлшат-Ақшатау учаскесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 18 тамыз N 1083.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысымен.


     Қазақстан Республикасы Президентінің "Ауылдық (селолық) округтердің, 
ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлау туралы" 2001 жылғы 23 
маусымдағы N 633  

U010633_

  Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтырулар мен 
өзгеріс енгізілсін:
     1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     IV "Шығыстар" бөлімінде:
     1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
     1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдік, 
атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
     690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі 
бойынша:
     30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасында:
     32 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын 
сайлауды өткізу" кіші бағдарламасындағы "26 925" деген сан "17 492" деген 
санмен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"34      Ауылдық (селолық) округтердің,
         ауылдардың (селолардың),
         кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу                  9 433";
     2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     IV "Шығыстар" бөлімінде:
     1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
     1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, 
атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
     690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі 
бойынша:
     30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кіші 
бағдарламамен толықтырылсын:
"34      Ауылдық (селолық) округтердің,
         ауылдардың (селолардың),
         кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу         Іс-шаралар".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.