"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1305 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына  сәйкес және ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Павлодар облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының босалқы жер санатынан жалпы алаңы 17764,8 гектар жер учаскелері алынсын және осы қаулыға қосымшаға сәйкес олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің»"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар»"мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

      4. Павлодар облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

      5. Мекеменің жер пайдалануындағы жалпы алаңы 50688 гектар жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

      6. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      "Павлодар облысы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 77-жолдың 3-бағанында "50688" деген сандар»"68452,8" деген сандармен ауыстырылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                         2007 жылғы 27 желтоқсандағы
                                                N 1305 қаулысына
                                                     қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
       Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
  "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік
мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Павлодар облысы Баянауыл
      ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің
                     экспликациясы

Жерлер санаты

Алаңы, га

Баянауыл ауданы:
босалқы жер
оның ішінде: жайылымдар
             басқа жерлер

 
17764,8
11411,6
6353,2

Барлығы:

17764,8