Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 Қаулысы

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақтан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1270 Қаулысымен  
бекітілген  

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2013 № 635 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
      2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.
      Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырады:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші-алтыншы абзацтары жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші-алтыншы абзацтарының осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290  қаулысымен.
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;
      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;
      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламалары;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.
      Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
      Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
      1) уәкілетті органның мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекітуі;
      2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру сапасын ішкі бағалау) талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырым жасау;
      3) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау тұтастай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бөлінісінде де жүзеге асырылады.
      7. Білім беру ұйымын, сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері:
      1) жалпы сипаттама;
      2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;
      3) білім алушылардың контингенті;
      4) оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме;
      5) оқу-тәрбие жұмысы;
      6) оқу-материалдық активтер;
      7) оқу және ғылыми зертханалар;
      8) ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры;
      9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
      10) ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет;
      11) кәсіптік практика болып табылады.
      8. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде ақпарат жинаудың негізгі әдістері:
      1) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін шолып қарау;
      2) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарының сақталуын тексеру мақсатында білім беру ұйымдарының құжаттамасын зерделеу;
      3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау;
      4) оқу жетістіктерін бағалаудың, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін талдау;
      5) білім алушыларды, педагогтар мен оларға теңестірілген адамдарды, қызметкерлерді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын сауалнамадан өткізу;
      6) оқу сабақтарына қатысу;
      7) білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу;
      8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу және білім кесінділерін бақылаудың басқа да түрлерін өткізу арқылы бағалау болып табылады.
      9. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға арналған шығыстар бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде біртұтас тәсіл мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және олардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің бағдарламалары және әдістемелік ұсынымдарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді, олардың мәтіні тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

2. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі

      11. Уәкілетті орган мемлекеттік аттестаттауға жататын білім ұйымдарының тізбесін аттестаттау мерзімдерін көрсете отырып, жыл сайын бірінші қарашаға дейін бекітеді және уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген зерделеу объектілерінің әрқайсысы бойынша өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады.
      14. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды аттестаттау комиссиясы жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізеді.
      15. Аттестаттау комиссиясының құрамына:
      1) тиісті уәкілетті органның;
      2) егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда, қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың;
      3) мемлекеттік аттестатталуға тиіс білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша білікті мамандар болып табылатын білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының);
      4) білім беру саласындағы уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымының;
      5) бейінді бағыттар бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың өкілдері кіреді;
      6) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Уәкілетті органның лауазымды адамының бұйрығымен аттестаттау комиссиясының құрамы және оның төрағасы – уәкілетті органның қызметкері бекітіледі.
      Аттестаттау комиссиясының төрағасы (бұдан әрі – төраға) аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасында білім беру ұйымы қызметінің бағыттарын зерделеу жөніндегі нақты тапсырмаларды бөледі. Төраға ғылыми немесе педагогикалық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысында аттестаттау комиссиясының мүшелерін таныстырады.
      17. Аттестаттау комиссиясының жұмысы туралы хабарлау және тиісті жазбаша хабарландыруларды дайындау білім беру ұйымының басшысына жүктеледі.
      18. Аттестаттау комиссиясы өзінің қызметінде білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
      19. Аттестаттау комиссиясының мүшелері төрағаға мемлекеттік аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы ақпарат береді және зерделеу объектілері бойынша, сондай-ақ мамандықтар бойынша анықтамаларды тапсырады.
      20. Білім алушылардың білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттау комиссиясы 4, 9, 11-сыныптарда және бітіруші курстарда білім алушылардың білімін, дағдысын және іскерлігін бақылауды өткізеді. Бұл ретте кешенді тестілеу технологиясы немесе білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылаудың өзге де түрлері (бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар) пайдаланылады.
      Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білімді, дағдыны және іскерлікті бақылау жоғарғы сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-тармақтың үшінші абзацының осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 қаулысымен.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының бітіруші курстарында (олар болмаған жағдайда – жоғары курстарында) білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      21. Тестілеу және білім мен іскерлікті бақылаудың өзге де түрлері білімі бақылануға тиіс білім алушылар контингентінің тізімдік құрамының кемінде 95 %-ы (бітірушілерінің жалпы саны 10 немесе одан да аз білім беру ұйымдарында – кемінде 80 %-ы) қатысқан жағдайда өткізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      22-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      22-тармақтың осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 қаулысымен.
      22. Тестілеуге келген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім алушыларының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ сынақ кітапшасы болуы тиіс.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      23. Кешенді тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай тәртіппен айқындалады:
      «өте жақсы» – 90-100 %;
      «жақсы» – 75-89 %;
      «қанағаттанарлық» – 50-74 %;
      «қанағаттанғысыз» – дұрыс жауаптар емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 50 %-ынан аз.
      24. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылармен өткен бақылау жұмыстарын, эссені, жобалық тапсырмаларды, шығармашылық тапсырмаларды, шығармаларды тексеруді және төрт балдық жүйемен бағалауды төраға бекітетін бірлескен комиссия (бұдан әрі – бірлескен комиссия) жүзеге асырады.
      Бірлескен комиссияның құрамына:
      1) төраға;
      2) аттестаттау комиссиясының мүшесі;
      3) аттестатталатын білім беру ұйымының бір өкілі кіреді.
      25. Мектепке дейінгі ұйымдарда кешенді тестілеудің орнына қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын сауалнамадан өткізу жүргізіледі.
      Арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында білімді бақылаудың бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер сияқты нысандары қолданылады.
      26. Кешенді тестілеудің және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерін, дағдысы мен іскерліктерін бақылаудың басқа да нысандарының, қызметкерлер мен ата-аналарға сауалнама жүргізудің нәтижелерін талдауды аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      26-тармақты екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      26-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 қаулысымен.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 %-ының дұрыс жауап бергендігін айқындаса, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.
      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 23-тармағында келтірілген бағалау шәкілі бойынша «қанағаттанарлық» бағасынан төмен емес деп айқындаса білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      27. Сауалнама және басқа да сұраулар түрлерін жүргізу кезінде аттестаттау комиссиясы студенттік, жастар және қоғамдық ұйымдарды тартады.
      28. Төраға мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу объектілерінің барлығы бойынша бақылау нәтижелерін жинақтайды және аттестаттау комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.
      Қорытынды осы Ереженің 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден құралады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); мамандықтарды (кәсіптерді) аттестаттау; сауалнама нәтижесі; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.
      29. Қорытындының екі данасына төраға мен аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
      Қорытындының көрсетілген даналарына танысқаны және даналардың біреуін алғаны туралы белгімен білім беру ұйымының басшысы қол қояды және білім беру ұйымының мөрімен расталады.
      Білім беру ұйымының басшысы қорытындының даналарына қол қоюдан бас тартқан жағдайда Төраға мен аттестаттау комиссияның мүшелері тиісті акті жасайды және қорытындының бір данасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымына енгізіледі.
      30. Қорытындыға мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері;
      2) білім беру ұйымының құрылымы;
      3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары және мамандықтары (кәсіптері) бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;
      4) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық және қызмет көрсететін құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
      5) білім мен іскерлікті бақылау нәтижелері;
      6) мамандықтар (дайындау бағыттары) бөлінісінде аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.
      31. Мемлекеттік аттестаттаудың соңғы күні төраға ғылыми немесе педагогикалық кеңесте қорытынды туралы хабарлайды.
      Білім беру ұйымының басшылығы аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, қорытынды ресми жария етілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде жазбаша негіздемемен уәкілетті органға жүгінеді. Көрсетілген өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
      32. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысы негізінде күнтізбелік он күн ішінде уәкілеттік органның тиісті лауазымды адамы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      34. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғандығы айқындалған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы білім беру ұйымына оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) шығарады.
      Нұсқамада белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру нысанында білім беру ұйымының нұсқаманы орындауына бақылау жүргізеді.
      Білім беру ұйымы нұсқамада белгіленген мерзім өткенге дейін бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізуге жазбаша бастамашылық жасауға құқылы.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      35. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат тиісті уәкілетті органның ресми сайтына орналастырылады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Халықаралық білім беру ұйымдарын, шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 24 желтоқсандағы 
N 1270 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 405-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі N 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 115-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 39, 401-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 11, 104-құжат).
      5.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 6, 75-құжат).