"Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 1232 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

       2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1232 қаулысымен   
бекітілген   

" Жылу электр станцияларының қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1. Қолдану саласы

      1. Осы "Жылу электр станцияларының қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне , "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының (бұдан әрі - ЖЭС) энергетикалық блоктарының қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ отын жанғаннан кейін қалдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Техникалық регламент жобалық жылу қуаты 80 МВт тең немесе одан асатын, қатты қыздырылған будың 9,8-дан 25,0-ке дейінгі МПа абсолютті қысымына өнімділігі сағатына 160-тан 3950 тоннаға дейін болатын, пайдаланатын отын түріне (қатты, сұйық, газ түрінде) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және іске қосылған, оның аумағына әкелінетін және жаңғыртылатын электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетикалық блоктардың қазандықтарына (бұдан әрі - қазандық) қолданылады.
      Осы техникалық регламенттің күші қолданылатын өнімдер тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.

      3. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар қолданылатын қалдықтарды орналастыруға арналған қазандықтарды және алаңқайларды сәйкестендіру Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес қазандықтарды өндірушінің ілеспе құжаттамасында ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
      Жағатын отын түріне қарай қазандықтар:
      1) көмірмен:
      2) мазутпен;
      3) газбен;
      4) аралас түрде жұмыс істейтін болып бөлінеді.
      ЖЭС-ның қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық және радиациялық қатер түрлері пайда болады.

      4. Осы техникалық регламенттің талаптары маневрлік энергия блоктары үшін жоғарғы маневрлік (үдемелі және жартылай үдемелі) қазандық қондырғыларға, құрамына газ турбиналары, магнитті гидродинамикалық қазандық қондырғылар, энергия-технологиялық қазандық қондырғылар кіретін энергия блоктарына арналған қазандық қондырғыларға, қайнама қабатының оттығымен жабдықталған қазандықтары және кәдеге жаратушы қазандықтары, сондай-ақ арнайы типтің қазандықтары бар қазандық қондырғыларға қолданылмайды.

2. Терминдер

      5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:

      1) түтінді (сейілетін) газдар - қазандықта отынның жануы нәтижесінде пайда болатын газдар;

      2) отын - электр энергиясын өндіру жөніндегі қазандық қондырғыны әрекетке түсіру үшін пайдаланылатын кез келген қатты, сұйық немесе газ түріндегі жанатын материал;

      3) қазандық қондырғысы - қазандықтың және қосалқы жабдықтың жиынтығы;

      4) қазандық - отынды жағудан жылу энергиясының есебінен қысыммен буды алу үшін немесе суды қайнату үшін бір тұтас кешенге конструктивті біріктірілген құрылғы. Қазандыққа мыналар толықтай немесе ішінара кіруі мүмкін: пештің оттығы, бу қыздырғыш, экономайзер, ауа жылытқыш, каркас, қалап тастау, жылу оқшаулау, қаптау;

      5) көмекші жабдық - тарту-үрлеу машиналары, қызу бетін тазалау құрылғысы, қазандық қондырғы шегінде отын бергіш пен отын дайындағыш, қож алу және күл алу жабдығы, күл ұстағыш және газ-ауа өткізгіш қазандығы кірмейтін басқа да газ тазарту құрылғылары, су, бу және отын өткізгіш құбыры, арқаулық, гарнитура, автоматика, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, сондай-ақ қазанға жататын су дайындау жабдығы мен түтін мұржасы;

      6) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - жылу-энергетикалық қазандық қондырғылар үшін белгіленетін электр немесе жылу энергиясының қазандық қондырғылары шығарған бірлікке арналған есептегі қоршаған ортаға шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының және төгінділерінің барынша рұқсат етілген мәнін көрсететін эмиссиялардың нормативтері;

      7) лимиттеуші жарма - кері сулармен ластаушы заттардың төгінділеріне неғұрлым қатаң шектеулерді белгілеу қажет су сапасының нормаларын сақтауға арналған су объектісіндегі жарма;

      8) бақылау жармасы - су сапасы бақыланатын су ағынының көлденең қимасы.

3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

      6. Қазақстан Республикасының нарығында қазандықтарды қауіпсіз пайдаланудың көзделген шарттарын сақтаған жағдайда осы техникалық регламентте белгіленген эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін қамтамасыз ететін қазандықтар орналастырылуы мүмкін.

      7. Қазандық пен қазандық қондырғыларда пайдаланылатын қосалқы жабдық оларды сәйкестендіруді қамтамасыз ететін және олардың осы әрі қолданыстағы техникалық регламенттер мен үйлестірілген нормативтік құжаттарға, монтаждың схемасын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты қамтитын өндірушінің ілеспе құжаттарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс.

      8. Қазандықтар мен көмекші жабдықтың өлшем құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшем құралдарының тізіліміне енгізілуі және олардың бекітілген түрге сәйкестігін растайтын құжаты болуы тиіс.

4. Жалпы қауіпсіздік талаптары

      9. Осы техникалық регламентте белгіленген қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар эмиссияларының техникалық үлестік  нормативтерін қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды міндетті түрде орындау қажет:
      1) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетика блоктарының құрамында қолданылатын қазандықтар қолданыстағы техникалық регламент қазандықтарына, сондай-ақ қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сай болуы тиіс;
      2) қазандықтарды қабылдау және пайдалануға беру қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес және электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекіткен электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
      3) қазандық жұмыстың барлық режимін және штатты кезеңдік рәсімдерді (тазалау, жуу, консервация) қамтамасыз ететін түтін газдарының сапасын бақылау жүйелерімен және (немесе) аспаптарымен жарақталуы тиіс;
      4) қазандықтың электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес күл және газ тазалағыш жабдығы мен оның істен шыққаны туралы хабарлау жүйесі болуы тиіс;
      5) қазандық қондырғыларын автоматты реттеу, қорғау және технологиялық бекіту жүйелері қазандық қондырғы жұмысының шектік көрсеткіштері асып кеткен кезде турбиналар (блок қондырғылары үшін), қоректендіру сорғылары, тарту-үрлеу машиналары тоқтаған кезде қазандықты тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс;
      6) әрбір ЖЭС-де:
      тұтынылатын отын түріне қарай қазандыққа арналған нормативтік жылу жүктемесі әзірленуі;
      жүктеме есебі (ауысымдық, тәуліктік, айлық, жылдық) жүргізілуі;
      қазандықтың техникалық жай-күйін тұрақты бақылау, жоспарлы жөндеу (күрделі, ағымдағы) және кезеңдік техникалық куәландыру, бірақ кемінде әрбір бес жылдан кейін жүргізілуі;
      қазандықта қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес атаулы деректері бар тақтайшалар бекітілуі;
      қазандыққа арналған техникалық құжаттаманың жиыны (нұсқаулықтар, монтаж схемасы, сызбалар) сақталуы, егер пайдалану уақытында қазандық жаңғыртылған немесе қайта жаңартылған болса оларға уақтылы өзгеріс енгізілуі;
      ЖЭС жобасында көзделген отын түрлерін пайдалану, отынды сақтау шарттары оның қасиетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;
      қазандыққа, отынды дайындауды және беруді электр станцияларын пайдаланудың техникалық ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуі;
      егер пайдаланылған газдар атмосфералық ауаға түтін мұржасы арқылы бөлінетін болса, түтін мұржасының биіктігін қоршаған ортаның жағдайын нашарлатпайтындай етіп есептеуді қамтамасыз етуі. Бұл ретте есептеу электр станциясының барынша көп электр жүктемесі және ең суық айдың орташа температурасы кезіндегі жылу жүктемесі кезінде отын шығысы бойынша жүргізілуі тиіс. Бес және одан да көп турбиналар орнатқан жағдайда жазғы режим кезінде есептеу олардың бірін жөндеуге тоқтататынын ескере отырып жүргізіледі;
      атқаратын лауазымға қойылатын талаптар көлемінде қазандықтарды пайдалануға беруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналды арнайы даярлау жүргізу;
      Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы және эмиссиялардың мониторингін жүзеге асыруы;
       белгіленген тәртіппен зертхана аккредиттеген отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға өлшеу жүргізуі тиіс.

      10. Шығарындыларды тазарту үшін құрылыстарды, жабдықтар мен аппаратураны бір мезгілде қайта жаңғыртпай, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың ұлғаюымен ілесетін технологиялық жабдықтың өнімділігін ұлғайтуға жол берілмейді.

      11. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентте белгіленген нормалардан асатын энергетикалық блоктар құрамындағы қазандықтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      12. Негізгі шикізатты және өндіріс қалдықтарын қоймалау орындарындағы радиация деңгейі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан аспауы тиіс. Мүмкін болатын радиациялық қауіпті аймақтарда қызмет көрсететін персонал жеке қорғау және дозиметрия құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

      13. Электр энергиясын өндіру үшін кәсіпорын электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне және ең үздік қол жетімді технологияларға сәйкес тазарту құрылғыларын және атмосфералық ауа мен ағынды суларды қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға ең аз әсер ететін отынды пайдалануы тиіс.

5. Атмосфералық ауаға эмиссияларға қойылатын талаптар

      14. Қазандықтардан атмосфералық ауаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері қатты, сұйық және газ түріндегі отынды бөлек және аралас пайдаланатын жұмыс істеп тұрған, жаңадан іске қосылатын және қайта жаңартылатын қазандық қондырғылар үшін атмосфералық ауаға қатты бөліктерді, күкірт және азот оксидтерін шығарудың шекті мәнін белгілейді.

      15. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңғыртылатын және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылатын мыналармен жұмыс істейтін қазандықтар үшін:
      1) қатты отынмен жұмыс істейтіндерде қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
      2) қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтіндерде күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2-кестесінен көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
      3) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтіндерде азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс.

      16. Жұмыс істейтін, қайта жаңартылатын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын мыналармен жұмыс істейтін қазандықтар үшін:
      1) қатты отынмен жұмыс істейтіндерде қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
      2) қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтіндерде күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 2-кестесінен көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
      3) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтіндерде азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс.

      17. Азот оксидтері мен күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері азот диоксиді мен күкірт диоксидінде қайта есептеуде берілген. Азот оксидтері мен күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері құрғақ газда қайта есептеуде берілген.
      Атмосфералық ауаға осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде және 3-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде көрсетілген күкірт және азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері М100 маркалы және/немесе сапасы жоғары мазутты жағу кезінде жарамды.

      18. Атмосфералық ауаға ауаның 1,4-ке тең артық коэффициенті кезінде қазандықтан шығарылатын көміртегі тотығы эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері:
      1) газ бен мазут үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа) - 300 мг/м 3 ;
      2) көмір үшін:
      қатты қож алғышы бар қазандықтар үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа) - 400 мг/м 3 ;
      сұйық қож алғышы бар қазандықтар үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа) - 300 мг/м 3 аспауы тиіс;
      ауаның артық коэффициентінің мәні үшін 1,4 мәнінен айырмасы бар зиянды ластаушы заттардың шоғырлануы осы техникалық регламентке 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      19. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері 1,4-ке тең ауаның артық коэффициенті кезінде түтінді газға жатқызылады. Түтінді газдардағы ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу формуласы осы техникалық регламентке 5-қосымшада келтірілген.

      20. Сұйық отын үшін күл эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері белгіленбейді. Мазут күлінің шығарындыларын нормалау мазут күлінің шектік рұқсат етілетін орташа тәуліктік қоспасы (ванадий элементінде қайта есептеу) 0,002 мг/м 3 есебінен ондағы ванадийдің болуымен айқындалады.
      Атмосфералық ауаға қатты заттар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-3 кестелері мен 3-қосымшаның 1-кестесі бойынша отынның келтірілген күлді болуы шегінде көрсетілген мәндерді интерполяциялау жолымен қабылданады, оның үстіне эмиссиялардың үлкен техникалық үлестік нормативтері келтірілген күлді болудың басым мәндеріне жатады.

      21. Тәулік ішінде эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің орташа мәні нормативтік мәннен аспаған және 30-минуттық асып кетудің жиынтық ұзақтығы қазандық қондырғының жыл ішіндегі жалпы жұмыс уақытының кемінде 3%-ын құраған жағдайда қазандықтың 30 минут ішіндегі эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің екі есеге асып кетуіне рұқсат етіледі.

      22. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде шығарындыларды реттеу ластаудың әрбір бастау көзі бойынша эмиссиялар мен кәсіпорындардың барлық жұмыс режимдері кезінде шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды ескеретін сәйкестендірілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

6. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

      23. Ластаушы заттардың су объектілеріне шекті рұқсат етілетін төгінділерінің нормативтері ағынды су эмиссияларының шамасы болып табылады.
      Ағынды сулар төгінділерінің шекті рұқсат етілетін нормативтері әрбір төгінділердің көзі мен тұтастай алғанда, ЖЭС-на арналған есептер негізінде айқындалуы тиіс.

      24. Әрбір ЖЭС-ның ағынды сулар төгінділерінің шекті рұқсат етілетін нормативтерінің есептік мәні және төгінділер, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленген есептік нормативтерге қол жеткізудің жоспар кестесі болуы тиіс.

      25. Жекелеген бастау көздер бойынша шекті рұқсат етілетін төгінділердің нормативтері эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтеріне тең белгіленеді не қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері негізінде есептеу жолымен айқындалады.

      26. Ағынды сулардың шектік рұқсат етілетін төгіндісі республиканың ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру мен тыңайту үшін оларды және олардың тұнбасын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуі және осы техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға жатқызылған ағынды суларды пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Шекті рұқсат етілетін төгінділерді белгілеу мынадай жолмен:
      1) бақылау жармасынан жоғары орналасқан барлық су пайдаланушылар осы жармадағы сапа нормаларын қамтамасыз етуі тиіс, ал лимиттеуші жармадағы судың сапасын нормативке дейін жеткізу олардың ортақ күш жұмсауымен жүзеге асырылуы тиіс;
      2) ағынды сулар төгіндісі кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген су қорғау іс-шаралары сақталуы тиіс лимиттеуші жарма қағидатына негізделуі тиіс.
      Шекті рұқсат етілетін төгінділердің нақты шамасын қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша ЖЭС белгілейді және нормативтік құжаттармен, яғни халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық-эпимдемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес айқындалатын ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін шоғырлануына, сондай-ақ оның орналасқан орнына қарай әрбір нақты ЖЭС үшін жасалған есептерге сәйкес болуы тиіс.

7. ЖЭС-ның қалдықтарын орналастыру кезінде эмиссияларға қойылатын талаптар

      27. Өндіріс қалдықтарының айналымы және оларды орналастыру жөніндегі экологиялық талаптар экологиялық заңнаманың және осы техникалық регламенттің нормаларына сәйкес келуі тиіс.

      28. ЖЭС қызметі нәтижесінде пайда болатын қалдықтар арнайы бөлінген алаңқайларда сақталуы тиіс қауіпті уытты заттарға жатады. ЖЭС қалдықтар жиналған сәттен бастап олардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз етуі тиіс.

      29. Қалдықтарды орналастыруға арналған арнайы алаңқайлар оларға еркін қол жеткізуді, өндіріс қалдықтарын (күлдер мен қож) жедел бақылауды, есептеуді және жоюды қамтамасыз ететіндей түрде таңдалуы тиіс.

      30. Күл-қож үйінділерін орналастыру мен сақтауға арналған алаңкайлардың аумағы ЖЭС жұмысын ескере отырып кемінде 25 жылға көзделуі тиіс.
      Күл-қож үйінділерін мұндай алаңдарда орналастыру амалсыз болатын жағдайларды қоспағанда, жақын маңдағы елді мекендердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, темір жол магистралдарының, автомобиль магистраль жолдарының, мұнай-газ құбырларының, ауыл шаруашылығы объектілерінің жоспарлы белгілерінен асатын толтыру белгісі бар алаңқайларында оларды орналастыруға жол берілмейді. Бұл жағдайда сыртқы гидро-қож-күл алу жүйесі жобасында көрсетілген объектілерді қорғауды қамтамасыз ететін шаралар электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес көзделуі тиіс.

      31. Күлдің шаңдануын, сондай-ақ іргелес аумақтың сусыздануын және су қоймаларының ластануын болдырмау және алдын алу үшін күл-қож үйінділерінде магистралдық күл-қож құбырлары мен су құбырларының жүйесі болуы тиіс.

      32. Нақты экологиялық географиялық ауданның шегінде өндіріс қалдықтарын орналастырудың экологиялық нормативтерін және уытты өнеркәсіп қалдықтарын орналастырудың шекті санын есептеу осы техникалық регламентпен үйлестірілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      33. Кәсіпорын аумағында жиналатын өндіріс қалдықтарының экологиялық заңнамаға сәйкес қалдықтардың қауіптілік паспорты болуы тиіс.

8. Сәйкестік презумпциясы

      34. Қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері үйлестірілген стандарттарға сәйкес келетін ЖЭС қазандықтарында отынның әртүрлі түрлерін жағу кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

      35. Үйлестірілген стандарттардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және олардың ресми басылымдарында орналастырылады.

      36. Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті растау үшін нормалары мен көрсеткіштері үлестірілген стандарттардың талаптарынан төмен болмайтын өзге де нормативтік құжаттар қолданылуы мүмкін.

9. Сәйкестікті растау

      37. Энергетикалық блоктардың қазандықтарынан шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің сәйкестігін растау:
      1) газ тазалау жабдығы жұмысының есебін күнделікті жүргізу;
      2) аккредиттелген зертхананың төгінділерді кезеңдік өлшемдер жүргізуі (бір айда, тоқсанда бір реттен жиі емес);
      3) техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылатын жабдықтың сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылады.

10. Қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері

      38. Қазақстан Республикасының аумағында ЖЭС-ның қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде атмосфераға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде қолданысқа енгізіледі:
      осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-3-кестелерінде көрсетілген қатты бөліктер, күкірт пен азот оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері жаңадан салынатын және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін 2008 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізілетін болады;
      қайта жаңартылуға жатпайтын жұмыс істеп тұрған қазандық қондырғылар үшін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін олар үшін шектік рұқсат етілетін шығарындылар жобаларында белгіленген нормативтер орындалуы тиіс;
      жаңадан салынатын және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 1-3-кестелерінде көрсетілген қатты бөліктердің, күкірт пен азот оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері қолданылады;
      жұмыс істеп тұрған қазандық қондырғылар үшін 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-3-кестелерінде көрсетілген қатты бөліктердің, күкірт пен азот оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.
      39. Ағынды сулардың эмиссияларының белгіленген техникалық үлестік нормативтерінің қолдану мерзімі шектік рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінен тұратын жобаларға берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қолдану мерзімімен айқындалады.

Техникалық регламентке
1-қосымша    

Осы техникалық регламенттің
талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі*

СЭҚ  ТН коды

Позиция атауы

1

2

8402

Бу қазандары немесе басқа да бу өндіретін қазан-
дар (төменгі қысымдағы бу өндіруге де қабілетті
орталық жылыту жүйесінің су қазандарынан басқа);
бу қыздырғышы бар су қазандары: бу қазандары не-
месе басқа да бу өндіретін қазандар

8402 11 000

өндіргіштігі сағатына 45 т астам су түтікті қазандар

8402 12 000

өндіргіштігі сағатына 45 т аспайтын су түтікті қазандар

8402 20 000

бу қыздырғышы бар қазандар

8403

8402 тауар позициясының қазандарынан басқа, орталық жылыту жүйесінің қазандары:

8403 10

қазандар:

8403 10 100 0

шойыннан құйылған

8403 10 900 0

өзгелері

8403 90

бөліктері:

8403 90 100 0

шойыннан құйылған

8403 90 900 0

өзгелері

8404

8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандарымен бірге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар
(мысалы, экономайзерлер, буқыздырғыштар, күйе кетіргіштер, газ рекуператорлары) бу-су немесе басқа да бу-күштік қондырғыларға арналған конденсаторлар

8404 10 000 0

8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандарымен бірге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар

8404 20 000 0

бу-су немесе басқа да бу-күштік қондырғыларға арналған конденсаторлар

8404 90 000 0

бөліктері

8405

Газ генераторлары немесе тазалау қондырғылары
бар немесе оларсыз су газы генераторлары ацети-
лендік газ генераторлары және тазалау қондырғыла-
ры бар немесе оларсыз ұқсас газ генераторлары:

8405 10 000 0

газ генераторлары немесе тазалау қондырғылары бар немесе оларсыз су газы генераторлары; ацети-
лендік газ генераторлары және тазалау қондырғыла-
ры бар немесе оларсыз ұқсас газ генераторлары

8405 90 000 0

бөліктері

8406

Су буы турбиналары және буы турбиналары:

8406 81

қуаты 40 МВт астам:

8406 81 100 0

электр энергиясын өндіруге арналған су буы
трубиналары

8406 81 900 0

өзгелері

8406 82

қуаты 40МВт аспайтын:


электр энергиясын өндіруге арналған су буы трубиналары, куаты:

8406 82 110 0

10 МВт аспайтын

8406 82 190 0

10 МВт астам

8406 82 900 0

өзгелері

8406 90

бөліктері:

8406 90 100 0

статор қалақшалары, роторлар және олардың қалақшалары

8406 90 900 0

өзгелері

* Өнім кодтары "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының" жіктеуішіне сәйкес көрсетілген.

Техникалық регламентке
2-қосымша    

                                                            1-кесте

Қатты отынның барлық түріне арналған ЖЭС-да жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылатын қазандар үшін атмосфераға шығарылатын қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері

Қазандар-
дың жылу қуаты (Q, МВт (қаза-
нның бу өнімділігі
D, т/с)

Күлдің келтірілген
құрамы А,% х пр кг/МДж

Жылу энер-
гиясының
бірлігіне
қатты бөлі-
ктердің жа-
ппай шыға-
рындысы,
г/МДж

Қатты бөлі-
ктердің
жаппай шы-
ғарындысы,
кг/т.у.т

Альфа=
1,4мг/м3*
кезінде тү-
тін газда-
рындағы бө-
ліктердің
жаппай
шоғырлануы

1

2

3

4

5

299 дейін (420 дейін)

0,6 кем
0,6 - 2,5
2,5 астам

0,06
0,06 - 0,20
0,20

1,76
1,76 - 5,86
5,86

670
670 - 870
870

300 және одан астам (420 және одан астам)

0,6 кем
0,6 - 2,5
2,5 астам

0,04
0,04 - 0,16
0,16

1,18
1,18 - 4,70
4,70

100
100 - 400
400
 

* Қалыпты жағдайлар кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа).

                                                         2-кесте

Отынның қатты сұйық және газ түрлеріне арналған ЖЭС-да жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылатын қазандар үшін күкірт оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері

Қазандар-
дың жылу
куаты (Q, МВт (қаза-
нның бу
өнімділігі
D, т/с)

Күкірттің
келтірілген
құрамы S, % х пр
кг/МДж

Жылу энер-
гиясының
бірлігіне
SОх жаппай
шығарынды-
сы, г/МДж

Sох жаппай
шығарынды-
сы, кг/т.у.т

Альфа =
1,4мг/м3*
кезінде тү-
тін газда-
рындағы SОх
жаппай шоғырлануы

1

2

3

4

5

299 дейін (420 дейін)

0,045 және одан кем
0,045 астам

0,875

1,5

25,7

44,0

2000

3400

300 және одан көп
(420 және одан көп)

0,045 және одан кем
0,045 астам

0,875

1,3

25,7

38,0

2000

3000

* Құрғақ газға есептелген қалыпты жағдайлар кезінде (температура
0 0 С, қысым 101,3 кПа)

                                                          3-кесте

  Отынның қатты, сұйық және газ түріндегі түрлеріне арналған
   ЖЭС-да жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және 2012
    жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылатын қазандар үшін
    азот оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық
                    үлестік нормативтері

Қазанда-
рдың жылу қуаты Q, МВт (қазан-
ның бу
өнімді-
лігі D, т/с)

Отын түрі

Жылу энергия-
сының бірлі-
гіне NОх
жаппай
шығарын-
дысы, г/МДж

Nох жаппай шығарындысы
г/т.у.т

Альфа=
1,4 мг/м3*
кезінде
түтін
газда-
рындағы
NОх
жаппай
шоғырлануы

1

2

3

4

5

299 дейін (420 дейін)

газ
мазут
қоңыр көмір:
қатты күл алу
сұйық күл алу
тас көмір:
қатты күл алу
сүйық күл алу

0,043
0,086

0,12
0,13
 
0,17
0,23

1,26
2,52

3,50
3,81

4,98
6,75 

125
250

500
500

850
950 

300 және одан көп
(420 және одан көп)

газ
мазут
қоңыр көмір:
қатты күл алу
сұйық күл алу
тас көмір:
қатты күл алу
сүйық күл алу

0,043
0,086

0,14
-
 
0,20
0,25

1,26
2,52

3,95
-

5,86
7,33

125
250

370
-

600
700 

*Құрғақ газға есептелген қалыпты жағдайлар кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа).

Техникалық регламентке
3-қосымша    

                                                            1-кесте

   Қатты отынның барлық түрлеріне арналған ЖЭС-де жұмыс істеп
    тұрған, қайта жаңартылатын және 2013 жылғы 1 қаңтардан
    бастап іске қосылатын қазандар үшін қатты бөліктердің
    атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері

Қазандардың
жылу қуаты
Q, МВт (қазанның бу өнімді-
лігі П,т/с)

Күлдің ке-
лтірілген
құрамы А,
% х пр
кг/МДж

Жылу энер-
гиясының
бірлігіне
қатты бө-
ліктердің
жаппай шы-
ғарындысы,
г/МДж

Қатты бөлі-
ктердің жа-
ппай шыға-
рындысы,
кг/т.у.т

Альфа = 1,4мг/м3*
кезіндегі
түтін газда-
рындағы бө-
ліктердің
жаппай шо-
ғырлануы

  1

  2

  3

  4

  5

299 дейін (420 дейін)

0,6 кем
0,6 - 2,5
2,5 астам

0,06
0,06 - 0,10
0,10

1,76
1,76 - 2,93
2,93

150
150 - 500
500 

300 және ас-
там
(420 және
астам)

0,6 кем
 
0,6 - 2,5
2,5 астам

0,02
 
0,02 - 0,06
0,06

0,59
 
0,89 - 1,76
1,76

100
 
100 - 200
200 

* Қалыпты жағдайлар кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа).

2-кесте

Отынның қатты және сұйық түрлеріне арналған ЖЭС-да жұмыс істейтін, қайта жаңартылатын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын қазандар үшін күкірт оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері

Қазандардың
жылу қуаты
Q, МВт (қа-
заның бу өнімділігі
D, т/с)

Күкірттің кел-
тірілген құ-
рамы S, % х пр кг/МДж

Жылу энер-
гиясының
бірлігіне
SOх жаппай
шығарын-
дысы, г/МДж

SOх жап-
пай шыға-
рындысы,
кг/т.у.т

Альфа = 1,4, мг/м 3 * жаппай
шоғыр-
лануы
кезіндегі
түтін
газ-
дарындағы
SOх

1

2

3

4

5

199 дейін (320 дейін)

0,045 және одан кем
0,045 астам

0,5

0,6

14,7

17,6

1200

1400

200 - 249
(320 - 400)

0,045 және одан кем
0,045 астам

0,4

0,45

11,7

13,1

1800

2000

250 - 299
(400 - 420)

0,045 және одан кем
0,045 астам

0,3

0,3

8,8

8,8

700

700

300 және одан
көп
(420 және
одан көп)

-

0,3

8,8

780

* Құрғақ газға есептелген қалыпты жағдайлар кезінде (температура
0 о С, қысым 101,3 кПа).

                                                          3-кесте

Отының қатты, сұйық және газ түріндегі түрлеріне арналған ЖЭС-да жұмыс істейтін, қайта жаңартылатын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын қазандар үшін азот оксидтерінің атмосфераға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері

Қазандар-
дың жылу
қуаты Q, МВт (қаза-
ндықтың бу
өнімділігі
D, т/с)

Отынның түрі

Жылу энер-
гиясының
бірлігіне
NOх жаппай шығарынды-
сы, г/МДж

NOх жаппай
шығарындысы
кг/т.у.т

Альфа = 1,4,мг/м3*
кезіндегі түтін газда-
рындағы NOх жаппай шоғы-
рлануы

1

2

3

4

5

299 дейін (420 дейін)

газ
мазут
қоңыр көмір:
қатты қож алу
сұйық қож алу
тас көмір:
қатты қож алу
сұйық қож алу

0,043
0,086
 
0,11
0,11
 
0,17
0,23

1,26
2,52
 
3,20
3,20
 
4,98
6,75

125
250
 
320
350
 
470
640

300 және одан көп
(420 және одан көп)

газ
мазут
қоңыр көмір:
қатты қож алу
сұйық қож алу
тас көмір:
қатты қож алу
сұйық қож алу

0,043
0,086
 
0,11
-
 
0,13
0,21

1,26
2,52
 
3,20
-
 
3,81
6,16

125
250
 
300
-
 
500
550

* Сұйық газға есептелген қалыпты жағдай кезінде (температура 0 о С, қысым 101,3 кПа).

Техникалық регламентке
4-қосымша     

Ауаның артық коэффициенттері үшін 1,4 мәнінен айырмасы бар зиянды ластаушы заттардың шоғырлануын қайта есептеу үлгісі

      Қазанның осы түрі үшін оның жылу қуаты мен жағылатын отын түріне байланысты тиісті кесте бойынша ластаушы заттың үлестік шығарындысы нормативінің негізгі көрсеткіші орналасқан n , г/МДж.
      Қалыпты жағдай кезіндегі ластаушы заттың рұқсат етілетін шоғырлануын Мю, мг/м 3 , мынадай формула бойынша айқындайды:

                      М ю = nx Q r i x 10 3 ,          (3.2)
                            ____
                              V r

      мұндағы Q r і жұмыс массасына заттай отын жануының төменгі жылуы, МДж/кг (МДж/м 3 - газ түріндегі отын үшін); Vг - о С температурасы және 101,3 кПа қысымы кезіндегі түтін газдарының көлемі, м 3 /кг (м/м 3 - газ түріндегі отын үшін)

                      Vг =V 0 г +(a-1)хV o ,          (3.2)

      мұндағы V o г - қалыпты жағдай кезіндегі м 3 /кг (м 3 3 - газ түріндегі отын үшін) түтін газдарының теоретикалық саны; V 0 - қалыпты жағдай кезіндегі м 3 /кг (м 3 3 - газ түріндегі отын үшін) отынның толық жануы үшін қажет құрғақ ауаның теоретикалық саны; а - ауаның артық коэффициенті.
      Күкірт пен азот оксидтерінің шығарындыларын есептеу кезінде формулаға (1.т) газдардың құрғақ түтінінің көлемі беріледі:

         Vсг = V o г - V o H2O + (1,4 - і)х V 0 х 0,984,   (3.3)

      мұндағы  V 0 H2O   - м 3 /кг (м 3 3 - газ түріндегі отын үшін) су буларының теоретикалық көлемі.
      V 0 г, V 0 H2O, V 0 мәні - отынның қарапайым құрамы немесе "Қазандық агрегаттарының жылу есебі" нормативтік әдісі бойынша айқындалады.
      Есептеу үлгілері:
      1. Б2 Мәскеу түбі көмірін жағатын қатты қож алып тастауы бар 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейін жылу қуаты 233 МВт (яғни < 300 МВт) қазандық қондырғысы үшін азот оксидтерінің атмосфераға шығарындылары бойынша үлестік көрсеткішін табамыз n = 0,12 г/МДж.
      "Қазандық агрегаттарының жылу есебі" нормативтік әдісі бойынша шаманы есептеу үшін қажетті мәнді табамыз:

           Q r i = 2490 ккал/кг = 2,49 х 4,19 = 10,43МДж/кг;
                           V 0 г = 3,57 м 3 /кг;
                           V 0 = 2,94м 3 /кг;
                           V o H2O = 0,69м 3 /кг.

      2. Қалыпты жағдай және а = 1,4 кезіндегі түтін газдарының көлемін айқындаймыз:

      V = 157 - 069 + (1,4 -1)х2,94х0,984 = 4,04м 3 /кг     (3.4)

      3. а = 1,4 және қалыпты жағдай кезінде түтін газдарындағы азот оксидтерінің шоғырлануын айқындаймыз:

      М ю =0,12х 10,43 х10 3 =309,8мг/м 3      (3.5)
               4,04

      4. 1,4-тен ерекшеленетін а кезінде, мысалы а =1,3:

     V г = 3,57 - 0,69 + (1,3-1)х 2,94 х 0,984 = 3,75м 3 /кг

     M ю = 0,12х 10,43 х10 3 = 333,8мг/м 3            (3.6)
               3,75

      Егер а = 1,4 және қалыпты жағдай кезінде ластаушы заттың шоғырлану мәні белгілі болса, онда қалыпты жағдай және 1,4-тен ерекшеленетін а кезінде ластаушы заттың шоғырлануы мынадай формула бойынша есептелуі мүмкін:

       М ю х(а)=М ю x(а=1,4)x Vгx(a=1,4)            (3.7)
                          V г x(a)

      Келтірілген үлгі үшін:

      М ю (а = 1,3)=309,8х 4,04 = 333,8мг/м 3         (3.8)
                        3,75

      РҚАО-ның ескертуі. а - альфа белгісі, E - қосынды белгісі.

Техникалық регламентке
5-қосымша    

ЖЭС қазандарынан атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын есептеу

      Ластаушы заттардың үлестік шығарындыларының шамасы мынадай формулалар бойынша айқындалады:
      М ю , мг/м атмосфераға шығарылатын түтін газдарындағы зиянды заттың жаппай шоғырлануы мынадай формула бойынша есептеледі:

                     М ю =nхQ r i x10 3       (4.1)
                          ___
                          V г

      мұндағы n - үлестік шығарындылар нормативінің негізгі көрсеткіші, г/МДж;
      Q r i - жұмыс массасына заттай отын жануының төменгі жылуы, МДж/кг (МДж/м 3 - газ түріндегі отын үшін);
      V г - o С температурасы және 101,3 кПа қысымы кезіндегі түтін газдарының көлемі, м 3 /кг (м 3 3 - газ түріндегі отын үшін);
      а = 1,4. Газ түріндегі төгінділер үшін V құрғақ газға қайта есептеуде алынады.
      Шартты отынның 1 кг-на (немесе шартты отынның 1 тоннасына килограмм) келетін ластаушы заттың жаппай шығарындысын m , г, мынадай формула бойынша есептейді:

                     m =«nxQ r iy.m          (4.2)

      мұндағы Q r iy.m - 29,33 МДж/кг тең шартты отын жануының жылуы.
      Қазанда отынның бірнеше түрлерін бірлесіп жағу кезінде n ср, г/МДж, орташа өлшемді шама ретінде айқындалады:
                         f
                    n cp = En i xB i         (4.3)
                        i=1
                       _________
                           f
                        EB i
                             i=1

      мұндағы n 1 - отынның і түріндегі жұмысы кезіндегі қазан үшін үлестік шығарындысы, г/МДж;                                  f
      B i - қазандағы отынның і түріндегі шығысы, г/с, т/жыл; E B i -
                                                            i=1
қазандағы отынның жиынтық шығысы, г/с, т/жыл.
      Ескертпе - Атмосфераға шығарылатын түтін газдарындағы ластаушы заттардың шоғырлануы құрғақ газға қайта есептеуде қалыпты жағдай кезінде а - 1,40 кезінде есептейді.