Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
инженер (барлық атаулардағы);
лаборант (барлық атаулардағы);
шебер (барлық атаулардағы);
машинист (барлық атаулардағы);
механик (барлық атаулардағы);
монтажник (барлық атаулардағы);
оператор (барлық атаулардағы);
слесарь (барлық атаулардағы);
техник (барлық атаулардағы).".