Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1094 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 149-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:

      4-тармақтың тоғызыншы абзацында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақтың үшінші абзацында ", олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 964 Қаулысымен;

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі