Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

азақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1094 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 149-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:

      4-тармақтың тоғызыншы абзацында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақтың үшінші абзацында ", олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 354-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:

      11-тармақта "уәкілетті органның басшысы" деген сөздер "орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың 4) тармақшасы "орталық" деген сөздің алдынан "ақпарат жинауды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақта "басшысы" деген сөз "жауапты хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 2-қосымшада:

      "уәкілетті органның басшысы" деген сөздер "орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі