Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:
1-2-тармақтың 1) тармақшасында:
"республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
"осы мемлекеттік" деген сөздер "осы орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.