Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қарашадағы N 1066 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:
      09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      601 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "004 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі