Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 Қаулысы

Жаңартылған

      Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі - Іс-қимылдар жоспары) және Іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары:
      1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін тоқсан сайын Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1039 қаулысымен 
бекітілген 

  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары

  1. Ағымдағы жағдайды талдау.
Мақсат және міндеттер

      Халықаралық қаржы нарығындағы жағдайдың шиеленісуі, сарапшылардың бағалауы бойынша АҚШ-та ипотекалық кредит беру проблемаларына негізделген. АҚШ-тың ипотекалық нарығында туындаған дағдарысты жағдайлар көптеген елдердің, оның ішінде халықаралық қаржы жүйесіне кіріктірілген Қазақстанның қаржы жүйесіне де әсер етті.
      Қазақстанның қаржы жүйесі өзінің тұрақты және тиімді жұмыс істейтіндігін көрсетті. Сонымен бірге, қазіргі уақытта нарықта халықаралық нарықтарда қорландыру тапшылығына байланысты кейбір көрсеткіштердің төмендеуі байқалады.
      Сыртқы қорландыру көлемінің қысқаруы банктердің қарыз алушыларға жаңа кредит беру қабілетіне теріс әсер етті және экономиканы кредиттеу қарқынының төмендеуіне ықпал етті.
      Сыртқы қайта қаржыландыру мүмкіндіктерінің қысқаруы аясында қазақстандық банктердің сыртқы қарыздары бойынша өтемдер көлемінің жоғары болуына қатысты екінші деңгейлі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) экономиканы қажетті көлемде кредиттеуді жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
      2007 жылғы тамыздан бастап құрылыс саласы белгілі қиындықтарды бастан кешуде.
      Тұрғын үй сатып алуға берілетін ипотекалық кредиттердің көлемінің оларды беру талаптарын қатаңдату жағдайында кейбір қысқаруы, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыруға арналған кредиттік желілер бойынша лимиттердің азаюы орын алды.
      Егер 2007 жылғы маусымда құрылыс саласы 151 млрд. теңгеге қаржыландырылған болса, тамызда - барлығы 107,3 млрд. теңге (құлдырауы 30% жуық).
      Талдау қорландырудың төмендеуі салынып жатқан тұрғын үй нарығының, атап айтқанда коммерциялық сектордің кемінде 20%-ын қамтитынын көрсетті. Бұл ретте, салынып жатқан коммерциялық тұрғын үй үлескерлер қаражатына салынып жатқанын ескерген жөн, олар шамамен 60%-ды құрайды.
      Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үй салу үдерісінің  тоқтауы құрылыс ұйымдарына үлескерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейді, ол бүгінде 2007 - 2011 жылдары құрылысы аяқталуы тиіс үйлерде - 33 мыңнан астам адамға, оның ішінде 2007 жылғы үлескерлер - 12523 адамға, 2008 жылы - 11049 адамға есептеледі. 
      Көрсетілген жағдай бірқатар құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына әкелуге қабілетті.
      Ел экономикасының өсу қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында қалыптасқан жағдай барабар шаралар қабылдауды талап етеді. 
      Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дағдарыс белгілері туындаған бастапқы кезеңде мемлекеттің қатысуынсыз дағдарысты құбылыстарды одан әрі тиімді басқару қиынға соғатын болады.
      Ағымдағы жағдай мынадай міндеттерді орындауды талап етеді:
      1) салынып жатқан тұрғын үй үлескерлерінің құқықтарын қорғау және ипотекалық нарық тұрақтылығының төмендеуіне жол бермеу;
      2) шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын олар үшін қолайлы жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру;
      3) экономика салаларын әртараптандыру үшін айрықша маңызы бар перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыру.
      Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау және жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін екі құрал пайдаланылады:
      1) мемлекетке аффилиирленген институттар арқылы экономика секторларының дамуын қолдау үшін қосымша ресурстар беруге арналған нақты тетіктері бар мемлекеттік қаржыландыру;
      2) қауырт жағдайларға назар аударуға қабілетті тиімді ұйымдастыру басқарушылық жүйесін құру.
      Тұтастай алғанда көзделген міндеттерді іске асыру мынадай бағыттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады:
      1) ішкі көздер есебінен ЕДБ-ны қорландыруды арттыру;
      2) ірі перспективалы инвестициялық жобалар мен нақты секторға жататын шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету;
      3) елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты және үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      4) қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу;
      5) банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау;
      6) мемлекеттік органдар мен мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың, оның ішінде нарық субъектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау жасау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қабылдаған міндеттемелері үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру үшін тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.

  2. Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі қаржы секторында және тұтастай экономикада бақыланбайтын жағдайлардың туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық Банк әртүрлі тетіктер мен ресурстарды пайдаланады.
      Бұл ретте, мемлекет акционерлерден және банктердің басқару органдарынан тәуекелділік деңгейі жоғары сыртқы активтерді қысқарту жөнінде барабар іс-қимылдарды, сондай-ақ мемлекеттің делдалдығы арқылы тартылған ресурстарды пайдалану жөніндегі қабылданған міндеттемелерді сөзсіз сақтауды күтеді.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін мынадай бағыттар шеңберінде түрлі тетіктер қолданылатын болады:
       1. Ішкі көздер есебінен ЕДБ-ны қорландыруды арттыру 
      Мемлекет тәуекелдерді бөлудің қалыпты деңгейі қағидаттарын сақтай отырып, банк секторының ішкі қорландыруын арттыру үшін құралдарды қолданатын болады.
      Ұлттық Банк та жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді қарыздар беру жолымен оларды қорландыруды қолдауды жалғастырады.
      Тұтастай алғанда, мемлекет қабылдайтын шаралар қысқа және орта мерзімді кезеңдерде ЕДБ-нің өтімділік деңгейін тұрақтандыруы тиіс. Бұл ретте, ЕДБ мемлекет беретін ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
      2. Ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және нақты секторға жататын шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету
      Үкімет кейіннен осы міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін даму институттарын қорландыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
      2008 жылы осы Іс-қимылдар жоспарында көзделген міндеттерді шешу үшін Үкіметтің резервтік қорында тиісті қаражат жинақталатын болады, ол кейіннен қажетіне қарай қаржы секторын және экономиканың өсу қарқынын қолдау үшін пайдаланылатын болады.
      "Қазына ОДҚ" АҚ осы бағыт бойынша ЕДБ кредит берген және жеткіліксіз қаржыландыруды бастан кешіп отырған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және бірлесіп қаржыландыруды, сондай-ақ ЕДБ-да қызмет көрсетуде жатқан инвестициялық жобалар бойынша несиелік берешекті қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы (бұдан әрі - Даму банкі) іс-әрекет жасайтын болады. Мұндай инвестициялық жобалардың негізгі өлшемдері олардың Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы мен»"30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында болуы.
      Даму банкі тарапынан инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру есебінен ЕДБ-да босаған қаражатты одан әрі пайдалану "Қазына" ОДҚ" АҚ және ЕДБ арасында жасалған тиісті келісімдерде көрсетілетін іс-шараларды асыруға бағытталады.
      Инвестициялық жобаларға кредит беру кезінде қарыз берудің мынадай мерзімдері белгіленеді:
      орта мерзімді инвестициялық қарыздар (5-тен 10 жылға дейін);
      ұзақ мерзімді инвестициялық қарыздар (10-нан 20 жылға дейін).
      Инвестициялық жобаларға кредит беру инвестициялық жобаларды іске асыру шарттарына сәйкес ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асырылады.
      Инвестициялық жобаларға кредит беру үшін мемлекеттік бюджет қарыздарын қоса алғанда, қарыз қаражаты, сондай-ақ Даму банкі тартқан қарыздар пайдаланылатын болады. Даму банкі жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін шетелдік инвестициялық банктерді де тартатын болады.
      Нақты секторға жататын шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында»"Қазына" ОДҚ" АҚ-ы ЕДБ-нің филиалдық желісі арқылы орналастырылатын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ) қаражат бөлетін болады.
      Осы бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнес жобалары қаржыландырылатын болады.
      Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын ШКДҚ-ға есеп береді.
      Осы бағдарлама бойынша мынадай банктермен жұмыс жүргізіледі:
      кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері бар;
      шағын бизнесті дамыту бойынша Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс тәжірибесі бар;
      қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналының болуы;
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;
      қаржылық жағдайы тұрақты.
      ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.
      Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ, ШКДҚ мен ЕДБ арасында тиісті келісімдер жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат мақсатты бағыттағы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс.
      Бұл міндетті орындау ЕДБ-ны қорландыруды арттыруды және экономиканың шикізат емес секторларындағы мемлекет үшін басым жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1184-1  Қаулысымен.
       3. Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету
      2007 жылы Қазақстан Республикасының одан әрі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде бірінші кезекте құрылыс нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі -»"Қазына" ОДҚ" АҚ) капиталдандыруды 122 млрд. теңге сомаға ұлғайтады.
      Елдің тұрғын үй нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ тұрғын үй, бірінші кезекте Астана қаласында тұрғын үй салуға кредит беру үшін оларды одан әрі қорландыру мақсатында ЕДБ-мен өзара іс-қимыл жасайтын болады.
      Бұл қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғау және басталған объектілердің құрылыстың аяқтау үшін жұмсалатын болады, оның тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) айқындайды.
      Мемлекеттік комиссияның осы саладағы операторы»"Қазына" ОДҚ" АҚ құратын Компания болып табылады, бұл ретте Компанияның негізгі функциялары тұрғын үй және өзге құрылыс нарығындағы жағдайға мониторинг жасау, Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, Мемлекеттік комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау болады.
      Қаражатты көрсетілген мақсаттарға жұмсау мынадай түрде екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
       1-кезең: 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы наурыз
      Компания Астана қаласының әкімдігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады; бұдан кейін объектілердің құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредиттік ресурстарға деген қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелерді пысықтау мүмкін болады.
      Аталған тізбенің негізінде»"Қазына" ОДҚ" АҚ нақты объектілер бойынша салушы-компанияларға кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты жұмсау шарттарында депозиттерді екінші деңгейдегі банктерде орналастыратын болады. Бұл ретте, қаражатты мақсатты жұмсауды қамтамасыз ету мақсатында құрылысты екінші деңгейдегі банктер мен салушылар тарапынан бірлесіп қаржыландыру расталғаннан кейін ғана депозиттерді орналастыру жүргізіледі. Жасалатын келісімдердің негізгі шарттарының бірі құрылыс жұмыстарын жүргізу кестелерінің орындалуына бақылау жасау болып табылады.
       2-кезең: 2008 жыл
      Бұл кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес секьюритилендіру тетігін пайдалану мүмкіншілігі қарастырылады.«"Қазына" ОДҚ" АҚ-ның ЕДБ-ға ресурстар беруі шарттарының арасында:
      1) олардың Мемлекеттік комиссия айқындаған жағдайларда (мақсатты мерзімдері, пайыздық ставкасы, оның ішінде түпкі қарыз алушы үшін) объектілерді қаржыландыруға жұмсалуы;
      2) сатып алынатын облигациялардың бөлінген активтермен қамтамасыз етілуі мүмкін, яғни облигацияларды әлемдік жетекші сараптама агенттіктері растауы қажет.
      ЕДБ-ның кредиттік ресурстарын "Қазына" ОДҚ" АҚ-на беруі банктердің қаражатты қайтаруына тиісті кепілдіктері болған кезде жүзеге асырылатын болады.
      Ипотека нарығын одан әрі дамыту мақсатында ЕДБ берген ҚИК талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кредиттер бойынша талаптарды сатып алумен»"Қазақстанның ипотека компаниясы" АҚ-ның (бұдан әрі - ҚИК) мүмкіндіктері пайдаланылатын болады.
      Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты және үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін 2007   жылы Үкімет ҚИК-ті республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңге сомаға қорландыруды ұлғайтады, оның ішінде:
      ҚИК-тің жарғылық капиталын толықтыруға 8,5 млрд. теңге;
      ҚИК-тің талаптарына сай келетін ЕДБ берген ипотекалық кредиттер бойынша ЕДБ-дан талап ету құқықтарын сатып алуға жіберілетін ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит беруге 12,0 млрд. теңге.
      Ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу ҚИК талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      ҚИК-тің талаптарына сай келетін ЕДБ берген ипотекалық кредиттер бойынша ҚИК-тің талап ету құқықтарын сатып алу көлемін ұлғайту үшін:
      ҚИК-тің сыртқы қор нарығына шығу мәселесі пысықталатын:
      кредиттік портфельді ұлғайтуға байланысты ҚИК қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін;
      ҚИК Қаржы министрлігімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жөніндегі тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
      Тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау, ипотекалық кредит беру нарығында ҚИК пен ЕДБ үшін әлеуетті тәуекелдерді азайту мақсатында 2007 жылдың соңына дейін 1 025 млн. теңге сомасына капиталдандыру жолымен»"Ипотекалық кредиттерге кепілдік беретін Қазақстан қоры" АҚ-ты қорландыру ұлғайтылатын болады.
      "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"»АҚ-ы»"Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа алдын ала тұрғын үй қарыздарын, оның ішінде ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады.
      Қолданыстағы және жаңа Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әкімдіктерге бюджеттік кредит беру есебінен кредиттік тұрғын үй салу көзделген, оның ішінде 2008 жылы - 860 мың шаршы метр, оның ішінде Астана бойынша 330 мың шаршы метр, Алматы бойынша 186 мың шаршы метр.
      Бұл тұрғын үйді салудың 1 шаршы метрінің құны 56 515 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленген және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу шығындарын есепке алмайды. Көрсетілген шығындарды есепке ала отырып 1 шаршы метрін салу құны 80 000 - 100 000 теңгеге дейін өседі.
      Белгілі бір үйдегі пәтерлердің бір бөлігіне қажеттіліктің болмауы себебінен құрылыс салушылар үлескерлер алдындағы шарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда, әкімдіктер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, жаңа үйлер салудың орнына осы бағамен салынып қойылған пәтерлерді сатып алуы мүмкін.
      Құрылыс компаниялары қызметінің нәтижесінде үлескерлердің тәуекелдерін азайту тетігі ретінде мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады:
      1) тұрғын үй құрылысындағы үлескерлер құқықтарын қорғауды арттыру, оның ішінде құнды қағаздарды эмиссиялау, құрылыс компанияларының банкроттық рәсімдерін жетілдіру және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына жол берген тұлғалардың, қылмыстық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      2) нормативтік құқықтық актілерге құрылыс салушылардың коммерциялық нарық үшін, жергілікті атқару органдарының Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізу.
      Тұрғын үй салудың барлық объектілері 3 санатқа бөлінеді:
      үлескерлерді қорғау жөніндегі шаралардың қабылдануымен тоқтата тұрылуы тиіс объектілер (құрылыс ұйымы заңнаманы бұзған жағдайда және т.б.);
      мемлекеттің қатысуынсыз аяқталатын объектілер;
      аяқталуы үшін мемлекеттік қолдауды қажет ететін объектілер.
      Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы 3-санатқа жататын объектілерді сататын құрылыс компаниялармен бірге көзделіп отыр.
       Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар арасында әлеуметтік маңызы бар объектілерді үлескерлердің қатысуымен салуды аяқтауға, ипотекалық кредит беруді дамытуды қолдауға бағытталуы тиіс берілетін қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жөнінде келісім жасалатын болады.
      Ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруға қатысатын барлық мүдделі органдар, оның ішінде,»"Қазына ОДҚ" АҚ, ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар мемлекет бөлетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
      Бұл міндетті іске асыру ЕДБ-нің қорландырылуын арттыруды,  үлескерлердің қаражатын пайдалана отырып, басталған тұрғын үй»объектілерінің құрылысын салуды аяқтау мақсатында ипотекалық кредиттер нарығындағы ұсыныстардың көлемін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
       4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу
      Үкімет ел экономикасының қаржы секторы мен маңызды субъектілерінің орнықтылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады.
      Бұл бағытты іске асыру шеңберінде тиісті іс-қимылдар жоспарын әзірлейтін»"Қазына"»ОДҚ" АҚ-ға жүктелетін болады.
      Бұл бағытты іске асыру шеңберінде жобаларды бірлесіп қаржыландыру, тікелей және портфельді инвестициялау, бірлескен қорлар құру құралдары пайдаланылатын болады.
       5. Банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау
      Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) реттеуіш талаптарды қатаңдату жолымен ЕДБ-нің сыртқы қорлануға тәуелділігін азайту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады, сондай-ақ Ұлттық Банктің ЕДБ белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, оның ішінде, сыртқы міндеттемелер мен активтері өсуінің шектелуіне байланысты қарыз беруді регламенттейтін тиісті келісімдер жасалатын болады.
       6. Мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын, оның ішінде, қаржы нарығы субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қаржы нарығы субъектілерінің қабылданған міндеттемелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін қамтамасыз ету
      ҚҚА, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін, сондай-ақ тиісті ақпарат алмасу шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл мен ақпараттар алмасуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл бағытта мониторинг жүргізу үшін қосымша индикаторлардың тізбесі айқындалады.
      Мемлекеттің нарықтағы дұрыс ұстанымдануы жөніндегі саясатын одан әрі іске асыру және елдің экономикалық құрамдас бөлігінің жайлы, адал бағалауға қол жеткізуі үшін халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жанданатын болады.
      Үкімет пен Ұлттық Банк халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктер тарапынан сыпайы бағаларды алу мақсатында мемлекеттің жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және ақша-кредит саясаты туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
      Сондай-ақ экономика мен қаржы нарығының маңызды субъектілерінің қабылдаған міндеттемелер үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ел заңнамасының талаптары қатаңдатылатын болады, оның ішінде ЕДБ басшыларына банктерді банкроттыққа дейін жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу.
      Жоғарыда көрсетілген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қолдауға ықпал ететін болады.

      Қазақстан Республикасы
                Үкіметінің     
      2007 жылғы 6 қарашадағы
      N 1039 қаулысымен  
      бекітілген     

  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орын-
дау
мер-
зімі

Бол-
жамды
шығыс-
тар

Қаржы-
лан-
дыру
көзде-
рі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ішкі көздер есебінен екінші деңгейдегі банктерді
қорландыруды арттыру

1.

"2007 жылға
арналған респуб-
ликалық бюджет
туралы" Қазақс-
тан Республика-
сының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Заңы

ЭБЖМ (жи-
нақтау),
Қаржымині,
ИСМ, ҰБ,
ҚҚА, "Қа-
зына" ОДҚ"
АҚ, "ҚИК"
АҚ,
"ҚИККҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
қазан

Талап
етіл-
мейді

  

2.

Қажет болған жағдайда елдің әлеуметтік-эко-
номикалық да-
муының тұрақ-
тылығын қамтама-
сыз ету үшін Қазақстан Рес-
публикасының
Үкіметі резервінің қа-
ражатын ұлғайту

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Заңы

ЭБЖМ,
Қаржымині,
ИСМ, ҰБ,
ҚҚА, "Қа-
зына" ОДҚ"
АҚ, "ҚИК"
АҚ,
"ҚИККҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
жел-
тоқ-
сан

2008 жылға
арнал-
ған
респу-
блика-
лык
бюджет
жалпы
шығыс-
тары-
ның көлемі
шеңбе-
рінде

  

3.

ЕДБ-ге қысқа
мерзімді кре-
диттер беру
жолымен олар-
дың өтімділігін
қолдау жөнінде
шаралар қабылдау

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

ӨҰБ (келі-
сім бойынша)

Ай
сайын

Жүргі-
зіліп
отыр-
ған қаржы-
кредит
саяса-
ты шең-
берінде

ҰБ

2. Нақты секторға жататын ірі перспективалық инвестициялық
жобалар мен шағын және орта бизнес жобаларына одан әрі
орнықты кредит беруді қамтамасыз ету

4.

Қазақстан Респу-
бликасының кей-
бір заңнамалық
актілеріне ұлт-
тық даму инсти-
туттарының мәсе-
лелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Респу-
бликасы Заңы-
ның жобасын әзі-
рлеу және Қазақ-
стан Республи-
касы Парламен-
тінің Мәжілісі-
не енгізу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ИСМ (жина-
қтау),
ЭБЖМ,
Қаржымині,
Әділет-
мині, ҚҚА
(келісім
бойынша),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ 
(келісім
бойынша)

2007
жыл-
ғы
қа-
раша

Талап
етіл-
мейді

  

5.

Ірі перспекти-
валық инвести-
циялық жобалар
мен шағын және
орта бизнес
жобаларын белгілі бір шарттарда қаржыландыруды қамтамасыз ету

"Қазына"ОДҚ" АҚ
мен ЕДБ
арасында
тиісті
келісім-
дер жасасу

"Қазына"
ОДҚ"»АҚ,
"ҚДБ" АҚ
(келісім
бойынша),»"ШКДҚ" АҚ,
ЕДБ (келісім
бойынша)

2008
жылғы
II
тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді

  

6.

Шағын және орта
бизнесті қаржы-
ландыру бойынша қаражатты негі-
зді орналастыру шарттарын жасасу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
"ШКДҚ" АҚ
(келісім
бойынша),
ЕДБ(келі-
сім бойынша)

Ай
сайын

"Қазы-
на" ОДҚ" АҚ-ның,
"ШКДҚ"
АҚ-ның
қолда
бар
қаража-
ты шең-
берінде

"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ,
"ШКДҚ"
АҚ қа-
ражаты

3. Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету

7.

"Қазына"»ОДҚ"
АҚ-ны капитал-
дандыру

Акцияларшығару

ИСМ,
Қаржымині,
ЭБЖМ

2007 жылғы
қараша

122 млрд. теңге

Респу-
блика-
лық бюджет
қара-
жаты

8.

ҚИКАҚ-ны капиталдандыру мен бюджеттік кредит беру

Акцияларшығару,
кредит-
тік ке-
лісім жасасу

Қаржымині,ЭБЖМ

2007 жылғы
қараша

20,5 млрд. теңге

Респу-
блика-
лық бюджет
қара-
жаты

9.

"ҚИККҚ"»АҚ-ны капиталдандыру

Акцияларшығару

Қаржымині,ЭБЖМ

2007 жылғы
қараша

1,025 млрд. теңге

Респу-
блика-
лық бюджет
қара-
жаты

10.

Қазақстан Респу-
бликасының әлеу-
меттік-экономи-
калық дамуының 
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаражатты, бірі-
нші кезекте ипо-
тека нарығында,
мақсатты және тиімді пайда-
лануды қамтама-
сыз ету

"Қазына"ОДҚ" АҚ мен ЕДБ
арасында
тиісті
келісім-
дер жасасу

"Қазына"
АҚ, "ҚДБ"
АҚ (келісім
бойынша),
ЕДБ (келісім
бойынша)

2007 жылғы
жел-
тоқ-
сан -
2008
жылғы
II
тоқсан

"Қазы-
на" ОДҚ" АҚ-ның,
қолда
бар
қаража-
ты шең-
берінде

"Қа-
зына"
ОДҚ"
АҚ-ның
қара-
жаты

11.

Іс-қимылдар жос-
парына сәйкес іс-шараларды орындау үшін
"Қазына" ОДҚ"
АҚ құрамында компания құру

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

"Қазына"
ОДҚ" АҚ,
(келісім
бойынша),
ИСМ, ЭБЖМ

2007 жылғы
қараша
-
желтоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді

  

12.

Серіктес банктер берген ипотекалық кре-
диттер бойынша талап ету құқық-
тарын сатып алу
жөнінде»"ҚИК" АҚ талаптарына өз-
герістер енгізу жөніндегі мәсе-
лені пысықтау

"ҚИК" АҚ
дирек-
торлар
кеңесі-
нің шешімі

Қаржымині,"ҚИК" АҚ

2007 жылғы
қараша
-жел-
тоқсан

Болжан-
байды

  

13.

ЕДБ-дан өтінім-
дердің түсуіне  қарай»"ҚИК" АҚ
талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кре-
диттер жөнінде ЕДБ-дан талап ету құқықтарын
алу

ИСМ-ге,
Қаржы-
миніне
ақпарат

"ҚИК" АҚ

Апта сайын

"ҚИК"
АҚ-ың
қолда
бар қа-
ражаты
шеңбе-
рінде

"ҚИК"
АҚ-ың
қара-
жаты
 

14.

"ҚИК" АҚ-ның 
сыртқы қор нары-
ғына шығу мүм-
кіндігін қарау

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

Қаржымині,"ҚИК" АҚ

2007 жылдың
соңына дейін

Болжан-
байды

  

15.

Астана және Алматы қалала-
рында үлескер-
лердің қатысуы-
мен коммерция-
лық тұрғын үй құрылысын тұрақ-
тандыру жөнінде ведомствоаралық
комиссиялар құру

Астана және Ал-
маты қа-
лалары әкімде-
рінің
өкімде-
рі,
ИСМ-ге
ақпарат

Астана және Алма-
ты қала-
ларының 
әкімдері, Қаржымині,ҚҚА, "ҚИК"
АҚ, ҚазҚҚ,
құрылыс
салушылар
қауымдас-
тығы, же-
келеген құрылыс компания-
лары мен ЕБД (келі-
сім бойынша)

2007
жылғы
қазан

Талап
етіл-
мейді

  

16.

Үлескерлердің
қатысуымен ком-
мерциялық тұрғын
үй құрылысын тұрақтандыру
бойынша ведомст-
воаралық комис-
сиялардың үлес-
керлердің қаты-
суымен салынып жатқан проблема-
лы әрбір тұрғын үй объектісі
бойынша іс-қи-
мыл жоспарын
бекіту

ИСМ-ге ақпарат

Астана және Алматы
қалалары-
ның үлес-
керлердің
қатысуымен
коммерция-
лық тұрғын
-үй құры-
лысын тұ-
рақтандыружөніндегі
ведомство-
аралық ко-
миссиялары

2007 жылғы
қараша

Талап
етіл-
мейді

  

17.

Үлескерлердің
қатысуымен проб-
лемалы тұрғын үй объектілерінің
құрылысын
тұрақтандыру 
бойынша нақты
шараларды іске
асыру

ИСМ-ге ақпарат

Астана және Ал-
маты қала-
ларының үлескерлер
қатысатын
коммерция-
лық тұрғын
үй құрылы-
сын тұрақ-
тандыру
жөніндегі
ведомство-
аралық ко-
миссиялары

Апта сайын

Талап
етіл-
мейді

  

18.

Жарнама туралы заңнаманы бұзу-
шылықтарды анық-
тау мақсатында тұрғын үй ғима-
раттарын салу туралы жарнама-
ға нөлдік цикл-
ды салуға рұқсат беруге дейін, сондай-ақ
уәкілетті органның құрылыс
салушы лицензия-
сының қолданы-
луын тоқтата тұ-
ру кезеңінде тыйым салу бөлі-
гінде шығарыла-
тын жарнамаға
мониторинг жүргізу 

ИСМ-ге ақпарат

МАМ, облы-
стардың,
Астана және Алматы қа-
лаларының
әкімдері

Ай сайын

Талап
етіл-
мейді

  

19.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттары-
ның құрылысын
ұйымдастыру жө-
ніндегі қызмет-
пен айналысуға сәйкестік лицен-
зиясының болуы
мәніне құрылыс
салушыларды тек-
серуді жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстар-
дың, Астана
және Алматы қа-
лаларының
әкімдері

Тоқсан
сайын

Талап
етіл-
мейді

  

20.

Бюджет қаража-
тын жеке құрылыс
салушылардан пәтерлерді сатып
алу үшін пайдалану
мақсатында
әкімдіктерге
кредит беру және
инженерлік-ком-
муникациялық
инфрақұрылымды
дамыту бюджеттік
бағдарламаларының
паспорттарына
өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ИСМ (жинақ-
тау),
ЭБЖМ,
Қаржымині

2007 жылғы қараша

Талап
етіл-
мейді

  

21.

Проблемалы құрылыс компа-
нияларында Қа-
зақстанда, одан тыс жерлерде де құрылыспен бай-
ланысты емес
активтерінің болуын тексеруді
жүргізу

Үлескер-
лердің
қатысуы-
мен ком-
мерция-
лық тұр-
ғын үй
құрылы-
сын тұ-
рақтан-
дыру жө-
ніндегі
ведомст-
воаралықкомис-
сиялары-
на ақпа-
рат

Қаржымині

2007 жылғы
жел-
тоқсан

Талап
етіл-
мейді

  

22.

"Қазақстан Рес-
публикасының кейбір заңна-
малық актілеріне
тұрғын үй
құрылысына үлес-
тік қатысу мәсе-
лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының Қазақстан Респу-
бликасы Парла-
ментінің Мәжілі-
сіне енгізу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касы
Үкіме-
тінің
қаулысы

ИСМ

2007 жылғы қараша

Талап
етіл-
мейді

  

23.

Тұрғын үй құры-
лысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке
алу бойынша жергілікті атқа-
рушы органдарға ұсынымдар әзір-
леу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

ИСМ

2007 жылғы қараша

Талап
етіл-
мейді

  

24.

Тұрғын үй құры-
лысындағы үлес-
керлер құқық-
тарын қорғауды арттыру, оның ішінде бағалы
қағаздарды эмис-
сиялауды жүзеге
асыру, құрылыс
компанияларының
банкроттық рә-
сімдерін жетіл-
діру және қыл-
мыстық жауап-
кершілік бел-
гілеуді қоса
алғанда, құрылыс
компанияларының
банкротқа ұшы-
рауына жол берген тұлғалар-
дың жауапкерші-
лігін арттыру
мәселелері
бойынша Қазақ-
стан Республи-
касының заңна-
масын жетілдіру
жөнінде ұсыны-
стар әзірлеу

Қазақс-
тан Рес-
публика-
сының
Үкіметі-не ұсы-
ныстар

Қаржымині
(жинақ-
тау), ИСМ,
ҚҚА

2007 жылғы
жел-
тоқсан

Талап
етіл-
мейді

  

4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу

25.

Қаржы секторы-
ның және ел эко-
номикасының ше-
шуші субъекті-
лерінің тұрақ-
тылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін іс-
қимыл жоспарын әзірлеу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

"Казына"» ОДҚ" АҚ (келісім бойынша),
ҰБ (келі-
сім бойын-
ша), ҚҚА
(келісім
бойынша),
Қаржымині,ЭБЖМ, ИСМ

2007 жылғы қараша

Талап
етіл-
мейді

  

5. Банктердің сыртқы қорландырудан тәуелділігін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау

26.

Ұлттық Банктің белгілі бір шарттарды орын-
даған кезінде ЕДБ-ге қарыз
беруін регла-
менттейтін ке-
лісімдер жасасу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

ҰБ, ҚҚА, ЕДБ (келі-
сім бойын-
ша)

2007 жылғы қараша

Талап
етіл-
мейді

  

6. Мемлекеттің қатысуымен, оның ішінде қаржылық нарық субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау жасау,
мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржылық нарық
субъектілерінің міндеттеме қабылдауға жауапкершілігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен өзгеде
ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету

27.

Қаржы секторы жай-күйінің мониторингін жүргізу (негізгі
индикаторлардың
тізбесін бел-
гілеу), сондай-
ақ мүдделі мем-
лекеттік органдар
арасында
іс-қимыл мен
ақпарат алмасу
үдерісін жетіл-
діру

Ақпарат
алмасу
туралы бірлес-
кен бұй-
рық

ҚҚА (келі-
сім бойын-
ша), ҰБ (келісім бойынша) ЭБЖМ, Қаржымині,СА

2007 жылғы
жел-
тоқсан

Талап
етіл-
мейді

  

28.

Қаржы нарығы субъектілерінің
қабылданған
міндеттемелер
үшін жауапкер-
шілігін арттыру
мақсатында ел
заңнамаларының
талаптарын қа-
таңдату жөнінде
ұсыныстар әзір-
леу, оның ішінде
ЕДБ басшылары
үшін банктерді
банкроттыққа
дейін жеткізгені
үшін қылмыстық
жауапкершілік
белгілеу

Қазақс-
тан Рес-
публика-сының
Үкіметі-
не ұсы-
ныстар

ҚҚА (жинақ-
тау), ҰБ (келісім бойынша) ЭБЖМ, Қаржымині,мүдделі тараптар

2007 жылғы
жел-
тоқсан

Талап
етіл-
мейді

  

29.

Халықаралық рей-
тингтік агент-
тіктермен өзара іс-қимыл бойынша
жұмысты жандандыру,
олармен жұмыс
жөніндегі
іс-қимыл
жоспарын әзірлеу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

ЭБЖМ, (жинақ-
тау), Қаржымині,
ҰБ, ҚҚА (келісім бойынша),
мүдделі тараптар

2008 жылғы қаңтар

Талап
етіл-
мейді

  

30.

Елде қолайлы
инвестициялық жағдай жасауға ықпалын тигі-
зетін, экономи-
каның тұрақтылы-
ғын қамтамасыз ету жөнінде
қабылданатын шараларды түсін-
діру бойынша
Қазақстанда және әлемде ауқымды ақпараттық науқан өткізу

Қазақс-
тан Ре-
спубли-
касының
Үкіме-
тіне ақпарат

МАМ, об-
лыстардың,Астана және Алматы қа-
ларының
әкімдікте-
рі, мүдде-
лі орган-
дар

Ай сайын

Талап
етіл-
мейді

  

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы :
ҰБ                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және
                     бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ИСМ                - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                     министрлігі;
Қаржымині          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Әділетмині         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
МАМ                - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                     министрлігі;
ҚҚА                - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
                     ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
СА                 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
"Қазына"»ОДҚ"»АҚ   - "Қазына»орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы;
ЕДБ                - екінші деңгейдегі банктер;
ҚазҚҚ              - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы;
"ҚДБ" АҚ           - "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы;
"ҚИК"»АҚ           - "Қазақстан ипотекалық компаниясы"
                     акционерлік қоғамы;
"ҚИККҚ" АҚ         - "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік
                     беру қоры"»акционерлік қоғамы;
"ШКДҚ" АҚ          - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"»акционерлік
                     қоғамы.