Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі - Іс-қимылдар жоспары);
2) Іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары);
3) Іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Ұсынылатын іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.
N 1329
Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары:
1) Іс-шаралар жоспарында және Ұсынылатын іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін тоқсан сайын Іс-шаралар жоспарының және Ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.
N 1329
Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының және Ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.
N 1329
Қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1039 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "нақты секторға жататын" деген сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1329 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары
1. Ағымдағы жағдайды талдау.
Мақсат және міндеттер
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28 N 1329 , 2008.05.04 N 409 Қаулыларымен.
Халықаралық қаржы нарығындағы жағдайдың шиеленісуі, сарапшылардың бағалауы бойынша АҚШ-та ипотекалық кредит беру проблемаларына негізделген. АҚШ-тың ипотекалық нарығында туындаған дағдарысты жағдайлар көптеген елдердің, оның ішінде халықаралық қаржы жүйесіне кіріктірілген Қазақстанның қаржы жүйесіне де әсер етті.
Қазақстанның қаржы жүйесі өзінің тұрақты және тиімді жұмыс істейтіндігін көрсетті. Сонымен бірге, қазіргі уақытта нарықта халықаралық нарықтарда қорландыру тапшылығына байланысты кейбір көрсеткіштердің төмендеуі байқалады.
Сыртқы қорландыру көлемінің қысқаруы банктердің қарыз алушыларға жаңа кредит беру қабілетіне теріс әсер етті және экономиканы кредиттеу қарқынының төмендеуіне ықпал етті.
Сыртқы қайта қаржыландыру мүмкіндіктерінің қысқаруы аясында қазақстандық банктердің сыртқы қарыздары бойынша өтемдер көлемінің жоғары болуына қатысты екінші деңгейлі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) экономиканы қажетті көлемде кредиттеуді жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
2007 жылғы тамыздан бастап құрылыс саласы белгілі қиындықтарды бастан кешуде.
Тұрғын үй сатып алуға берілетін ипотекалық кредиттердің көлемінің оларды беру талаптарын қатаңдату жағдайында кейбір қысқаруы, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыруға арналған кредиттік желілер бойынша лимиттердің азаюы орын алды.
Егер 2007 жылғы маусымда құрылыс саласы 151 млрд. теңгеге қаржыландырылған болса, тамызда - барлығы 107,3 млрд. теңге (құлдырауы 30% жуық).
Талдау қорландырудың төмендеуі салынып жатқан тұрғын үй нарығының, атап айтқанда коммерциялық сектордің кемінде 20%-ын қамтитынын көрсетті. Бұл ретте, салынып жатқан коммерциялық тұрғын үй үлескерлер қаражатына салынып жатқанын ескерген жөн, олар шамамен 60%-ды құрайды.
Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үй салу үдерісінің тоқтауы құрылыс ұйымдарына үлескерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейді, ол бүгінде 2007 - 2011 жылдары құрылысы аяқталуы тиіс үйлерде - 33 мыңнан астам адамға, оның ішінде 2007 жылғы үлескерлер - 12523 адамға, 2008 жылы - 11049 адамға есептеледі.
Көрсетілген жағдай бірқатар құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына әкелуге қабілетті.
Ел экономикасының өсу қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында қалыптасқан жағдай барабар шаралар қабылдауды талап етеді.
Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дағдарыс белгілері туындаған бастапқы кезеңде мемлекеттің қатысуынсыз дағдарысты құбылыстарды одан әрі тиімді басқару қиынға соғатын болады.
Ағымдағы жағдай мынадай міндеттерді орындауды талап етеді:
1) салынып жатқан тұрғын үй үлескерлерінің құқықтарын қорғау және ипотекалық нарық тұрақтылығының төмендеуіне жол бермеу;
2) шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын олар үшін қолайлы жағдайларда қаржыландыруды жалғастыру;
3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау және жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін екі құрал пайдаланылады:
1) мемлекетке аффилиирленген институттар арқылы экономика секторларының дамуын қолдау үшін қосымша ресурстар беруге арналған нақты тетіктері бар мемлекеттік қаржыландыру;
2) қауырт жағдайларға назар аударуға қабілетті тиімді ұйымдастыру басқарушылық жүйесін құру.
Тұтастай алғанда көзделген міндеттерді іске асыру мынадай бағыттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады:
1) ішкі көздер есебінен ЕДБ-ны қорландыруды арттыру;
2) ірі перспективалы инвестициялық жобалар мен шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету;
3) елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты және үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу;
5) банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау;
6) мемлекеттік органдар мен мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың, оның ішінде нарық субъектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау жасау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қабылдаған міндеттемелері үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру үшін тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.
Бұл ретте, міндеттерді сапалы және тиімді шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым белсенді қатысуы талап етілмейді. Сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламалар мен резервтер қалыптастыру орынды болады, олар кейіннен мынадай міндеттер үшін пайдаланылатын болады:
1) республика өңірлеріндегі шағын бизнес жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету;
2) елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және өңірлердегі объектілердің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету.
Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар мен резервтерді қалыптастыруды жергілікті бюджеттердің қаражатын қайта бөлу арқылы ішкі көздер есебінен жүзеге асыру орынды болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй құрылысы нарығында, сондай-ақ шағын бизнес субъектілерінің өтімділігін қамтамасыз ету саласында бақыланбайтын жағдайлардың туындауын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша шараларды әкімдіктер қажеттігіне қарай, яғни шағын бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау немесе үлескерлердің мүдделерін қорғау талап етілетін жағдайларда қабылдайтын болады. Егер өңірлер экономикасының осы салаларына мемлекеттің араласуы қажет болмаса, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері бұл туралы Мемлекеттік комиссияны жазбаша хабардар етіп, аталған шараларды қабылдамауына болады.
Шағын бизнес субъектілерін қолдау және үлескерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жергілікті деңгейде әзірлеу кезінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынылатын іс-шаралар жоспарын пайдаланатын болады.
2. Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі қаржы секторында және тұтастай экономикада бақыланбайтын жағдайлардың туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық Банк әртүрлі тетіктер мен ресурстарды пайдаланады.
Бұл ретте, мемлекет акционерлерден және банктердің басқару органдарынан тәуекелділік деңгейі жоғары сыртқы активтерді қысқарту жөнінде барабар іс-қимылдарды, сондай-ақ мемлекеттің делдалдығы арқылы тартылған ресурстарды пайдалану жөніндегі қабылданған міндеттемелерді сөзсіз сақтауды күтеді.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін мынадай бағыттар шеңберінде түрлі тетіктер қолданылатын болады:
1. Ішкі көздер есебінен ЕДБ-ны қорландыруды арттыру
Мемлекет тәуекелдерді бөлудің қалыпты деңгейі қағидаттарын сақтай отырып, банк секторының ішкі қорландыруын арттыру үшін құралдарды қолданатын болады.
Ұлттық Банк та жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді қарыздар беру жолымен оларды қорландыруды қолдауды жалғастырады.
Тұтастай алғанда, мемлекет қабылдайтын шаралар қысқа және орта мерзімді кезеңдерде ЕДБ-нің өтімділік деңгейін тұрақтандыруы тиіс. Бұл ретте, ЕДБ мемлекет беретін ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
2. Шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету
Үкімет кейіннен осы міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін даму институттарын қорландыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
2008 жылы осы Іс-қимылдар жоспарында көзделген міндеттерді шешу үшін Үкіметтің резервтік қорында тиісті қаражат жинақталатын болады, ол кейіннен қажетіне қарай қаржы секторын және экономиканың өсу қарқынын қолдау үшін пайдаланылатын болады.
Инвестициялық жобаларға кредит беру инвестициялық жобаларды іске асыру шарттарына сәйкес ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларға кредит беру үшін мемлекеттік бюджет қарыздарын қоса алғанда, қарыз қаражаты, сондай-ақ Даму банкі тартқан қарыздар пайдаланылатын болады. Даму банкі жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін шетелдік инвестициялық банктерді де тартатын болады.
Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында»"Қазына" ОДҚ" АҚ-ы ЕДБ-нің филиалдық желісі арқылы орналастырылатын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ) қаражат бөлетін болады.
Осы бағдарлама шеңберінде нарықтан аспайтын ставкалар бойынша шағын және орта бизнес жобалары қаржыландырылатын болады.
Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын ШКДҚ-ға есеп береді.
Осы бағдарлама бойынша мынадай банктермен жұмыс жүргізіледі:
кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері бар;
шағын бизнесті дамыту бойынша Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс тәжірибесі бар;
қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналының болуы;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;
қаржылық жағдайы тұрақты.
ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ, ШКДҚ мен ЕДБ арасында тиісті келісімдер жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат мақсатты бағыттағы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс.
Бұл міндетті орындау ЕДБ-ны қорландыруды арттыруды және экономиканың шикізат емес секторларындағы мемлекет үшін басым жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осы бағытты іске асыру мақсатында өңірлерде жергілікті атқарушы органдар тізбесін жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларында айқындалған тиісті талаптарға сәйкес келетін әкімдіктер құрған комиссиялар мақұлдайтын шағын бизнес жобаларын қолдау үшін пайдаланылатын жергілікті бюджеттен берілетін тиісті қаражатты шоғырландыратын болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері осы бағыт бойынша өз филиалдарына барлық қажетті өкілеттіктерді беретін ШҚДҚ арқылы әрекет ететін болады.
Шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссия айқындаған ЕБД-ның филиалдық желісі арқылы орналастырылатын ШҚДҚ-ның кредит қаражатын бөлетін болады. Осы мақсаттарға жету үшін ЕБД, өз кезегінде, ел өңірлеріндегі өз филиалдарына қажетті өкілеттіктерді береді.
Облыс әкімдіктері, ШКДҚ филиалдары және ЕДБ филиалдары арасындағы міндеттердің реттеу үшін осы қатынастар тараптарының әрқайсысы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.
Осы бағдарлама шеңберінде шағын бизнес жобалары қаржыландырылатын болады, бұл ретте өңір халқының жұмыспен қамтылу деңгейіне әсер ететін, өндірістік процесті жалғастыруға және тұтынушылық нарықты дамытуға ықпал ететін басталған және қолданыстағы жобаларға басымдық берілетін болады. ШКДҚ филиалдары осы бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті тиісті әкімдіктерге береді.
Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.
N 1184-1
, 2007.12.28.
N 1329
, 2008.05.04
N 409
Қаулыларымен.
2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК) кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдалану шарттарында депозиттерді ЕДБ-да орналастыратын болады.
Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер ЕДБ қаражатын орналастырған сәттен бастап 14 айға дейінгі мерзімде орналастырылатын болады.
Осы бағдарлама бойынша мынадай:
кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері;
АӨК субъектілеріне кредит беру саласында жұмыс тәжірибесі бар;
қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналы болатын;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;
қаржылық жағдайы тұрақты банктермен жұмыс жүргізіледі.
ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі АӨК-нің басым субъектілері бойынша ашық кредиттік желілерінің болуына және әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.
Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын "Қазына" ОДҚ" АҚ-ға есеп береді.
Қарыз алушы үшін түпкі ставка жылына 16%-дан аспауға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс, бұл ретте ақ қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және жеміс өнімдерін, ет, сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық берілетін болады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕДБ-мен, салалық одақтармен, қауымдастықтармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қаржыландыру үшін ұсынылатын АӨК субъектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Тұтастай алғанда осы міндеттерді орындау елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, ішкі қажеттіліктегі импорт үлесін азайтуға және азық-түлік нарығын импорттық экспансия тәуелділігінен арылтуға мүмкіндік береді.
Ескерту. Жоспар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.04
N 409
Қаулысымен.
3. Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету
2007 жылы Қазақстан Республикасының одан әрі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде бірінші кезекте құрылыс нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі -»"Қазына" ОДҚ" АҚ) капиталдандыруды 122 млрд. теңге сомаға ұлғайтады.
Елдің тұрғын үй нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ тұрғын үй, бірінші кезекте Астана қаласында тұрғын үй салуға кредит беру үшін оларды одан әрі қорландыру мақсатында ЕДБ-мен өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Бұл қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғау және басталған объектілердің құрылыстың аяқтау үшін жұмсалатын болады, оның тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) айқындайды.
Бұл салада "Қазына" ОДҚ" АҚ Мемлекеттік комиссияның операторы болып табылады, ол жергілікті атқарушылар органдармен бірлесіп, тұрғын үй нарығы мен өзге де құрылыстағы жағдайға мониторингті жүзеге асыратын болады, Мемлекеттік комиссияның материалдарын дайындауға жүзеге асырады, Мемлекеттік комиссия шешімдердің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететін болады.
Қаражатты көрсетілген мақсаттарға жұмсау мынадай түрде екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең: 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы наурыз
"Қазына" ОДҚ" АҚ" Астана қаласының әкімдігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады; бұдан кейін объектілердің құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредиттік ресурстарға деген қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелерді пысықтау мүмкін болады.
Аталған тізбенің негізінде»"Қазына" ОДҚ" АҚ нақты объектілер бойынша салушы-компанияларға кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты жұмсау шарттарында депозиттерді екінші деңгейдегі банктерде орналастыратын болады. Бұл ретте, қаражатты мақсатты жұмсауды қамтамасыз ету мақсатында құрылысты екінші деңгейдегі банктер мен салушылар тарапынан бірлесіп қаржыландыру расталғаннан кейін ғана депозиттерді орналастыру жүргізіледі. Жасалатын келісімдердің негізгі шарттарының бірі құрылыс жұмыстарын жүргізу кестелерінің орындалуына бақылау жасау болып табылады.
2-кезең: 2008 жыл
Бұл кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес секьюритилендіру тетігін пайдалану мүмкіншілігі қарастырылады.«"Қазына" ОДҚ" АҚ-ның ЕДБ-ға ресурстар беруі шарттарының арасында:
1) олардың Мемлекеттік комиссия айқындаған жағдайларда (мақсатты мерзімдері, пайыздық ставкасы, оның ішінде түпкі қарыз алушы үшін) объектілерді қаржыландыруға жұмсалуы;
2) сатып алынатын облигациялардың бөлінген активтермен қамтамасыз етілуі мүмкін, яғни облигацияларды әлемдік жетекші сараптама агенттіктері растауы қажет.
ЕДБ-ның кредиттік ресурстарын "Қазына" ОДҚ" АҚ-на беруі банктердің қаражатты қайтаруына тиісті кепілдіктері болған кезде жүзеге асырылатын болады.
Ипотека нарығын одан әрі дамыту мақсатында ЕДБ берген ҚИК талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кредиттер бойынша талаптарды сатып алумен»"Қазақстанның ипотека компаниясы" АҚ-ның (бұдан әрі - ҚИК) мүмкіндіктері пайдаланылатын болады.
Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты және үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін 2007
жылы Үкімет ҚИК-ті республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңге сомаға қорландыруды ұлғайтады, оның ішінде:
ҚИК-тің жарғылық капиталын толықтыруға 8,5 млрд. теңге;
ҚИК-тің талаптарына сай келетін ЕДБ берген ипотекалық кредиттер бойынша ЕДБ-дан талап ету құқықтарын сатып алуға жіберілетін ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит беруге 12,0 млрд. теңге.
Ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу ҚИК талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚИК-тің талаптарына сай келетін ЕДБ берген ипотекалық кредиттер бойынша ҚИК-тің талап ету құқықтарын сатып алу көлемін ұлғайту үшін:
ҚИК-тің сыртқы қор нарығына шығу мәселесі пысықталатын:
кредиттік портфельді ұлғайтуға байланысты ҚИК қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін;
ҚИК Қаржы министрлігімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жөніндегі тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау, ипотекалық кредит беру нарығында ҚИК пен ЕДБ үшін әлеуетті тәуекелдерді азайту мақсатында 2007 жылдың соңына дейін 1 025 млн. теңге сомасына капиталдандыру жолымен»"Ипотекалық кредиттерге кепілдік беретін Қазақстан қоры" АҚ-ты қорландыру ұлғайтылатын болады.
"Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"»АҚ-ы»"Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа алдын ала тұрғын үй қарыздарын, оның ішінде ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады.
Қолданыстағы және жаңа Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әкімдіктерге бюджеттік кредит беру есебінен кредиттік тұрғын үй салу көзделген, оның ішінде 2008 жылы - 860 мың шаршы метр, оның ішінде Астана бойынша 330 мың шаршы метр, Алматы бойынша 186 мың шаршы метр.
Бұл тұрғын үйді салудың 1 шаршы метрінің құны 56 515 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленген және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу шығындарын есепке алмайды. Көрсетілген шығындарды есепке ала отырып 1 шаршы метрін салу құны 80 000 - 100 000 теңгеге дейін өседі.
Белгілі бір үйдегі пәтерлердің бір бөлігіне қажеттіліктің болмауы себебінен құрылыс салушылар үлескерлер алдындағы шарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда, әкімдіктер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, жаңа үйлер салудың орнына осы бағамен салынып қойылған пәтерлерді сатып алуы мүмкін.
Құрылыс компаниялары қызметінің нәтижесінде үлескерлердің тәуекелдерін азайту тетігі ретінде мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады:
1) тұрғын үй құрылысындағы үлескерлер құқықтарын қорғауды арттыру, оның ішінде құнды қағаздарды эмиссиялау, құрылыс компанияларының банкроттық рәсімдерін жетілдіру және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына жол берген тұлғалардың, қылмыстық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) нормативтік құқықтық актілерге құрылыс салушылардың коммерциялық нарық үшін, жергілікті атқару органдарының Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізу.
Тұрғын үй салудың барлық объектілері 3 санатқа бөлінеді:
үлескерлерді қорғау жөніндегі шаралардың қабылдануымен тоқтата тұрылуы тиіс объектілер (құрылыс ұйымы заңнаманы бұзған жағдайда және т.б.);
мемлекеттің қатысуынсыз аяқталатын объектілер;
аяқталуы үшін мемлекеттік қолдауды қажет ететін объектілер құрылысшыларды, өз кезегінде, мынадай кіші топтарға бөлуге болады:
жылжу мен сатудың ашық саясатына, құрылыс мерзімдерін сақтайтын нақты баға саясатына ие - жоғары рейтингті компаниялар (3-1-топ);
жылжу мен сатудың онша нақты емес саясаты, ашық емес баға саясаты бар, құрылыс мерзімдерінен кешігетін - орта рейтингті компаниялар (3-2-топ);
жылжу мен сатудың барабар емес саясаты, баға саясаты, құрылыстың мерзімінен едәуір кешігуі немесе құрылыстың жоқтығы - төмен рейтингті компаниялар (3-3-топ).
Орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы басымды түрде Астана, Алматы қалаларындағы құрылыс объектілеріне көзделіп отыр және 3-1 және 3-2-топтарға жатқызылады.
Тоқтата тұруға жататын объектілер бойынша, сондай-ақ құрылыс салушылары 3-3-топқа жататын объектілер бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетінін белгілеу керек. Үшінші санатқа жататын тұрғын үй құрылыстарының барлық объектілері облыстар әкімдіктерінің ерекше бақылау аймағында болады.
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың тікелей жұмысы және белсенді қатысуы 3-санатқа жататын объектілерді сататын құрылыс компаниялармен бірге көзделіп отыр.
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанындағы ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар арасында әлеуметтік маңызы бар объектілерді үлескерлердің қатысуымен салуды аяқтауға, ипотекалық кредит беруді дамытуды қолдауға бағытталуы тиіс берілетін қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жөнінде келісім жасалатын болады.
Ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруға қатысатын барлық мүдделі органдар, оның ішінде,»"Қазына ОДҚ" АҚ, ҚИК, ЕДБ және құрылыс салушылар мемлекет бөлетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл міндетті іске асыру ЕДБ-нің қорландырылуын арттыруды, үлескерлердің қаражатын пайдалана отырып, басталған тұрғын үй»объектілерінің құрылысын салуды аяқтау мақсатында ипотекалық кредиттер нарығындағы ұсыныстардың көлемін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаражат үлескерлердің құқықтарын қорғауға және тізбесін әкімдіктер құрған комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) айқындайтын басталған объектілердің құрылысын аяқтауға бағытталатын болады.
Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады).
Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің мынадай тетіктерін пайдаланатын болады.
1-тетік.
Құрылысына кредит беру мүмкіндігін екінші деңгейдегі банктер растайтын тұрғын үй объектілері бойынша әкімдіктер ЕДБ-ны тұрғын үй құрылысына кредит беру үшін қорландыру мақсатында олармен өзара іс-қимыл жасайды. ЕДБ кредит беруге дайын, бірақ қазіргі жағдайдағы жай-күйдегі емес, құрылыс объектілері болады. Бұл ретте, осы объектілер бойынша барлық коммерциялық тәуекелдер ЕДБ-ға жүктелетін болады.
Тараптар арасындағы қатынастар әкімдіктер мен ЕДБ филиалдары арасында қол қойылған келісімдермен реттеледі.
ЕДБ тізбесін Мемлекеттік комиссия бекітетін болады.
ЕДБ-ны қорландыруды әкімдіктер жергілікті бюджеттердің есебінен алдын ала капиталдандырған негізделген депозиттерді уәкілетті органдардың орналастыруы жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын уәкілетті атқарушы органдар құрылысты аяқтау мақсатында қаржыландыруға ұсынылатын объектілердің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Аталған тізбені комиссия қарайды. Комиссия объектілер тізбесін бекіткеннен кейін объектілер құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін ЕДБ-ның кредит ресурстарына қажеттілігінің көлемі жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
2-тетік.
Құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.
Осы ұйымдар "проблемалы" объектілерді сатып алады (оның ішінде, банкроттық рәсімін қолдана отырып), содан кейін бұл ұйымдар құрылыстың аяқталуын қамтамасыз ете алады. Осы ұйымдардың үлесіндегі тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін не нарықтық құны бойынша сатылады, не коммуналдық меншікке беріледі.
3-тетік.
Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.
Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.28.
N 1329
, 2008.04.16
N 347
, 2008.06.20
N 600
Қаулыларымен.
4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу
Үкімет ел экономикасының қаржы секторы мен маңызды субъектілерінің орнықтылығын сақтау бойынша жүйе құру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде тиісті іс-қимылдар жоспарын әзірлейтін»"Қазына"»ОДҚ" АҚ-ға жүктелетін болады.
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде жобаларды бірлесіп қаржыландыру, тікелей және портфельді инвестициялау, бірлескен қорлар құру құралдары пайдаланылатын болады.
5. Банктердің сыртқы қорландыруға тәуелділігін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау
Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) реттеуіш талаптарды қатаңдату жолымен ЕДБ-нің сыртқы қорлануға тәуелділігін азайту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады, сондай-ақ Ұлттық Банктің ЕДБ белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, оның ішінде, сыртқы міндеттемелер мен активтері өсуінің шектелуіне байланысты қарыз беруді регламенттейтін тиісті келісімдер жасалатын болады.
6. Мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын, оның ішінде, қаржы нарығы субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және қаржы нарығы субъектілерінің қабылданған міндеттемелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін қамтамасыз ету
ҚҚА, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін, сондай-ақ тиісті ақпарат алмасу шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл мен ақпараттар алмасуды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл бағытта мониторинг жүргізу үшін қосымша индикаторлардың тізбесі айқындалады.
Мемлекеттің нарықтағы дұрыс ұстанымдануы жөніндегі саясатын одан әрі іске асыру және елдің экономикалық құрамдас бөлігінің жайлы, адал бағалауға қол жеткізуі үшін халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жанданатын болады.
Үкімет пен Ұлттық Банк халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктер тарапынан сыпайы бағаларды алу мақсатында мемлекеттің жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және ақша-кредит саясаты туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Сондай-ақ экономика мен қаржы нарығының маңызды субъектілерінің қабылдаған міндеттемелер үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ел заңнамасының талаптары қатаңдатылатын болады, оның ішінде ЕДБ басшыларына банктерді банкроттыққа дейін жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қолдауға ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1039 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007.12.28
N 1329
, 2008.04.16
N 347
,
2008.05.04
N 409
, 2008.06.20
N 600
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с
|
Іс-шаралар |
Аяқтау
|
Жауапты
|
Орын-
|
Бол-
|
Қаржы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Ішкі көздер есебінен екінші деңгейдегі банктерді
|
||||||
1. |
"2007 жылға
|
Қазақс-
|
ЭБЖМ (жи-
|
2007
|
Талап
|
|
2. |
Қажет болған жағдайда елдің әлеуметтік-эко-
|
Қазақс-
|
ЭБЖМ,
|
2007
|
2008 жылға
|
|
3. |
ЕДБ-ге қысқа
|
Қазақс-
|
ӨҰБ (келі-
|
Ай
|
Жүргі-
|
ҰБ |
2. Шағын және орта бизнес жобаларына одан әрі
|
||||||
4. |
Қазақстан Респу-
|
Қазақс-
|
ИСМ (жина-
|
2007
|
Талап
|
|
5. |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.04 N 409 Қаулысымен. |
|||||
6. |
Шағын және орта
|
Қазақс-
|
"Қазына"
|
Ай
|
"Қазы-
|
"Қа-
|
6-1. |
"ШКДҚ" АҚ-ға қар-
|
Қазақс
|
ИСМ,
|
2007
|
Талап
|
|
6-2. |
Бірыңғай бюджет-
|
Қазақс-
|
ЭБЖМ |
2007
|
Талап
|
|
6-3. |
"ШКДҚ" АҚ бөлім-
|
ЭБЖМ-ге
|
ҚҚА,
|
2007
|
Талап
|
|
2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты
|
||||||
6-4 |
АӨК субъектіле-
|
"Қазына
|
"Қазына
|
2008
|
Талап
|
|
6-5 |
АӨК субъектілері-
|
Кредит-
|
ЕДБ
|
2008
|
"Қазына
|
"Қазына
|
6-6 |
ЕДБ-нің қаража-
|
"Қазына
|
ЕДБ
|
Ай
|
|
|
3. Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету |
||||||
7. |
"Қазына"»ОДҚ"
|
Акцияларшығару |
ИСМ,
|
2007 жылғы
|
122 млрд. теңге |
Респу-
|
8. |
ҚИКАҚ-ны капиталдандыру мен бюджеттік кредит беру |
Акцияларшығару,
|
Қаржымині,ЭБЖМ |
2007 жылғы
|
20,5 млрд. теңге |
Респу-
|
9. |
"ҚИККҚ"»АҚ-ны капиталдандыру |
Акцияларшығару |
Қаржымині,ЭБЖМ |
2007 жылғы
|
1,025 млрд. теңге |
Респу-
|
10. |
Қазақстан Респу-
|
"Қазына"ОДҚ" АҚ мен ЕДБ
|
"Қазына"
|
2007 жылғы
|
"Қазы-
|
"Қа-
|
11. |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.28. N 1329 Қаулысымен |
|||||
12. |
Серіктес банктер берген ипотекалық кре-
|
"ҚИК" АҚ
|
Қаржымині,"ҚИК" АҚ |
2007 жылғы
|
Болжан-
|
|
13. |
ЕДБ-дан өтінім-
|
ИСМ-ге,
|
"ҚИК" АҚ |
Апта сайын |
"ҚИК"
|
"ҚИК"
|
14. |
"ҚИК" АҚ-ның
|
Қазақс-
|
Қаржымині,"ҚИК" АҚ |
2007 жылдың
|
Болжан-
|
|
15. |
Астана және Алматы қалала-
|
Астана және Ал-
|
Астана және Алма-
|
2007
|
Талап
|
|
16. |
Үлескерлердің
|
ИСМ-ге ақпарат |
Астана және Алматы
|
2007 жылғы
|
Талап
|
|
17. |
Үлескерлердің
|
ИСМ-ге ақпарат |
Астана және Ал-
|
Апта сайын |
Талап
|
|
18. |
Жарнама туралы заңнаманы бұзу-
|
ИСМ-ге ақпарат |
МАМ, облы-
|
Ай сайын |
Талап
|
|
19. |
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттары-
|
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстар-
|
Тоқсан
|
Талап
|
|
20. |
Тұрғын үй нары-
|
Қазақс-
|
Қаржымині,
|
2008
|
Респуб-
|
|
20-
|
Астана қаласында-
|
Қазақс-
|
ИСМ, ЭБЖМ,
|
2008
|
17,2
|
Респуб-
|
21. |
Проблемалы құрылыс компа-
|
Үлескер-
|
Қаржымині |
2007 жылғы
|
Талап
|
|
22. |
"Қазақстан Рес-
|
Қазақс-
|
ИСМ |
2007 жылғы қараша |
Талап
|
|
23. |
Тұрғын үй құры-
|
Қазақс-
|
ИСМ |
2007 жылғы қараша |
Талап
|
|
24. |
Тұрғын үй құры-
|
Қазақс-
|
Қаржымині
|
2007 жылғы
|
Талап
|
|
4. Қаржы секторы субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға жәрдемдесу |
||||||
25. |
Қаржы секторы-
|
Қазақс-
|
"Казына"» ОДҚ" АҚ (келісім бойынша),
|
2007 жылғы қараша |
Талап
|
|
5. Банктердің сыртқы қорландырудан тәуелділігін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау |
||||||
26. |
Ұлттық Банктің белгілі бір шарттарды орын-
|
Қазақс-
|
ҰБ, ҚҚА, ЕДБ (келі-
|
2007 жылғы қараша |
Талап
|
|
6. Мемлекеттің қатысуымен, оның ішінде қаржылық нарық субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылау жасау,
|
||||||
27. |
Қаржы секторы жай-күйінің мониторингін жүргізу (негізгі
|
Ақпарат
|
ҚҚА (келі-
|
2007 жылғы
|
Талап
|
|
28. |
Қаржы нарығы субъектілерінің
|
Қазақс-
|
ҚҚА (жинақ-
|
2007 жылғы
|
Талап
|
|
29. |
Халықаралық рей-
|
Қазақс-
|
ЭБЖМ, (жинақ-
|
2008 жылғы қаңтар |
Талап
|
|
30. |
Елде қолайлы
|
Қазақс-
|
МАМ, об-
|
Ай сайын |
Талап
|
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
:
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі;
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
"Қазына"»ОДҚ"»АҚ - "Қазына»орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы;
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;
ҚазҚҚ - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы;
"ҚДБ" АҚ - "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы;
"ҚИК"»АҚ - "Қазақстан ипотекалық компаниясы"
акционерлік қоғамы;
"ҚИККҚ" АҚ - "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік
беру қоры"»акционерлік қоғамы;
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"»акционерлік
қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы
N 1039 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Ұсынылатын іс-шаралар жоспарымен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.28. N 1329 , 2008.05.04 N 409 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі
іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар
жоспары
р/с
|
Іс-шара |
Аяқтау
|
Жауапты
|
Орын-
|
Бол-
|
Қаржы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Тиісті өңірдің
|
Мәсли-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
1. Шағын бизнес жобаларына тұрақты кредит беруді
|
||||||
2. |
"ШКДҚ" АҚ-ға
|
Мәсли-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Өкіле-
|
Жергі-
|
3. |
"ШКДҚ" АҚ-мен
|
Кредит-
|
Әкімдік-
|
2008
|
Талап
|
|
4. |
"ШКДҚ" АҚ-ның
|
Төлем
|
Әкімдік-
|
2008
|
Талап
|
|
5. |
ЕДБ-ға шағын
|
Шарттар |
"ШКДҚ"
|
2008
|
Талап
|
|
6. |
Шағын бизнес
|
Кредит-
|
ЕДБ
|
2008-
|
Талап
|
|
1-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты
|
||||||
6-1 |
Қаржыландыру үшін
|
АӨК
|
АШМ, ЕДБ
|
2008
|
Талап
|
|
2. Елдің ипотекалық нарықтағы тұрақтылығын,
|
||||||
1-тетік. Кредит беру мүмкіндігін ЕДБ растайтын тұрғын үй
|
||||||
7. |
2008 жылға арнал-
|
Мәсли-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Өкілді
|
Жергі-
|
8. |
Уәкілетті ұйымдар
|
Тіркеу
|
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
9. |
Уәкілетті
|
Төлем
|
Әкімдік-
|
2008
|
Өкілді
|
|
10. |
Үлескерлердің
|
Әкімік-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
11. |
Мемлекеттік
|
Комис-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
12. |
Уәкілетті
|
Шарттар,
|
Әкімдік-
|
2008
|
Талап
|
|
13. |
Тұрғын үй сатып
|
Кредит-
|
ЕДБ
|
Үнемі |
Талап
|
|
14. |
Екінші деңгейдегі
|
ЭБЖМ-ге
|
Әкімдік-
|
Тоқсан
|
Талап
|
|
2-тетік. Құрылыстың аяқталуы күмән тудыратын тұрғын үй
|
||||||
15. |
Мемлекеттің
|
Комис-
|
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
16. |
Банкроттық рәсім-
|
Шарттар |
Әкімдік-
|
2007
|
Талап
|
|
17. |
Үлескерлердің
|
Пайда-
|
Әкімдік-
|
|
Талап
|
|
18. |
Тұрғын үйді
|
Қабыл-
|
Әкімдік-
|
Құрылыс
|
Талап
|
|
19. |
Уәкілетті ұйым-
|
ЭБЖМ-ге
|
Әкімдік-
|
Меншік
|
Талап
|
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Әкімдіктер - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың әкімдіктері;
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
акционерлік қоғамы;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ескерту. Ескертпеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.04
N 409
Қаулысымен.