"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қосымшаға сәйкес мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкалары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
N 1031 қаулысына
қосымша
Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет
ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкалары
Елді мекендер |
1 шаршы метр үшін айлық
|
Астана қаласы
|
3,0
|
Облыс орталығы ставкаларының пайызы |
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
80
|