Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1023 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) байланыс ғарыш жүйелерінің, оның ішінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі