Күші жойылады - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29. N 1369 (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.