Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 451 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2013 № 1042 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:

      10-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұра мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген кезде).";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына:
      1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін оның түпнұсқасын;
      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылған болса) ұсынады.
      Сенім білдірілген адамның салымшының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтінішін беруі сенім білдірілген адам жеке өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін түпнұсқаны;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
      4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесі көрсетілген зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және шолу үшін түпнұсқасын ұсынады.
      Зейнетақы жинақтарын алушы 58 жасқа толған әйелдер мен 63 жасқа толған еркектер болып табылған жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін почта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.
      Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен шолу үшін соңғысының түпнұсқасын ұсынады.";
      2) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесіне қосымшада:
      "Өтініш қабылдап алды_______ж. "__"_______" деген жолдағы "ТАӘ" деген аббревиатура "тегі, аты, болса - әкесінің аты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "он екі еселенген" деген сөздер "отыз еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "жүз" деген сөз "екі жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "жүз" және "он екі еселенген" деген сөздер тиісінше "екі жүз елу" және "отыз еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақының айлық мөлшерінен кем соманы құраған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.";
      4) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                         2007 жылғы 29 желтоқсандағы
                                               N 1397 қаулысына
                                                    қосымша

                                         Кесте бойынша зейнетақы
                                     төлемдерінің мөлшерін есептеуді
                                        жүзеге асыру әдістемесіне
                                                  қосымша

       Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық
           мөлшерін есептеуге арналған кесте

Жасы

Алып қою
коэффициенті

18

0,07917

19

0,07922

20

0,07926

21

0,07931

22

0,07937

23

0,07942

24

0,07949

25

0,07956

26

0,07963

27

0,7972

28

0,07981

29

0,07990

30

0,08001

31

0,08013

32

0,08025

33

0,08039

34

0,08054

35

0,08070

36

0,08088

37

0,08107

38

0,08128

39

0,08151

40

0,08176

41

0,08204

42

0,08234

43

0,08267

44

0,08303

45

0,08342

46

0,08385

47

0,08432

48

0,08484

49

0,08541

50

0,08604

51

0,08674

52

0,08750

53

0,08835

54

0,08928

55

0,09032

56

0,09148

57

0,09277

58

0,09421

59

0,09582

60

0,09764

61

0,09969

62

0,10202

63

0,10467

64

0,10771

65

0,11121

66

0,11528

67

0,12005

68

0,12570

69

0,13246

70

0,14067

71

0,15081

72

0,16362

73

0,18024

74

0,20257

75

0,23404

76

0,28152

77

0,36099

78

0,52048

79

1,00000