Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
N 948 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1239 Қаулысымен).
2. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 9, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кұрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, жетекшінің орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік
Қанат Алдабергенұлы активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы
(келісім бойынша);
мына:
"Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттік
Сауат Мұхаметбайұлы активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының атқарушы
директоры"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрі"
көрсетілген құрамнан Аслан Есболайұлы Мусин шығарылсын.
3. "Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 671
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 275-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кұрамына мыналар енгізілсін:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төраға
Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Білім
Еркін Әнуарұлы және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің төрағасы
Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Президенті Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық талдау
бөлімі меңгерушісінің бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Құрманғазиев - Қазақстан Республикасының
Жәрдем Есламғалиұлы Президенті Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық талдау
бөлімі меңгерушісінің
орынбасары (келісім бойынша)
Наубетова - Қазақстан Республикасы
Рашида Аронқызы Президентінің жанындағы Отбасы
және гендерлік саясат істері
жөніндегі ұлттық комиссия
хатшылығының бас инспекторы
(келісім бойынша)
Өтепов - Шығыс Қазақстан облысы
Болат Мағауияұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау департаментінің
директоры
Хаолянь - Біріккен Ұлттар Ұйымының
Шу Қазақстан Республикасындағы
резидент-үйлестірушісі,
Біріккен Ұлттар Ұйымы даму
бағдарламасының Қазақстандағы
тұрақты өкілі (келісім
бойынша);
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Могильный Валерий Валентинович, Цыганков Анатолий Григорьевич, Юрико Шоджи шығарылсын.
4. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссияның қүрамына:
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Қаржы министрі енгізілсін;
мына:
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Қаржы вице-министрі
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы Әділет вице-министрі
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Жианшаұлы Парламентінің Сенаты
Мемлекеттік құрылыс және
құқықтық саясат
комитетінің төрағасы
Сағадиев - Қазақстан Республикасы
Кенжеғали Әбенұлы Парламентінің Мәжілісі Қаржы
және бюджет комитетінің
төрағасы"
деген жолдар мына редакцияда жазылсын:
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхянқызы Әділет министрі
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Жианшаұлы Парламентінің Сенаты Заңнама
және құқықтық мәселелер
комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Сағадиев - Қазақстан Республикасы
Кенжеғали Әбенұлы Парламентінің Мәжілісі Экология
және табиғатты пайдалану
мәселелері комитетінің мүшесі
(келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің бірінші басшылары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.".
5. "Қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 274-ө
өкімінде
:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, жетекші
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі,
жетекшінің орынбасары
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының
Бердібек Машбекұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының
Болат Оралұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Мырзабеков - "Маркетингтік-талдамалық
Жанат Ғайноллаұлы зерттеулер орталығы" акционерлік
қоғамы Стратегиялық талдау
департаментінің директоры
(келісім бойынша);
мына:
"Үртембаев - Қазақстан қаржыгерлері
Асқар Қалмұхаметұлы қауымдастығы кеңесі
төрағасының кеңесшісі
(келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Үртембаев - Қазақстан қаржыгерлері
Асқар Қалмұхаметұлы қауымдастығының басқарушы
директоры, Заң департаментінің
директоры (келісім бойынша)";
көрсетілген кұрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы шығарылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.";
3-тармақтағы "- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке" деген сөздер»"Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
N 948 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 794 қаулысы .
4. "Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 764 қаулысы .
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 109-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
6. "Қазақстан-американ кәсіпкерлікті дамыту әріптестігі жобасын ("Хьюстон бастамасы") іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 112-ө өкімі .