Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 794 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 948 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 948 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 қаулысына:

      "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Орынбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                         Экономикалық саясат басқармасының бастығы,
                         төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау
                         жөніндегі комитетінің төрағасы, комиссия
                         хатшысы

Манақбай               - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" 
Толымбек                 акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                         (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан: Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Мисников Владимир Андреевич, Ибадуллаев Азамат Амалұлы шығарылсын;

      2) "Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат):

      Лицензиялау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:

Қазыбаев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Айдар Қалымтайұлы        сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау
                         жөніндегі комитетінің төрағасы;

      көрсетілген құрамнан Мисников Владимир Андреевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі