Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 868 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3.Кәсіпорын қызметінің негізгі мәндері қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2011 № 795 қаулысымен.

      4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі