Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 36, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Кәсіпорын қызметінің негізгі мәндері қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып белгіленсін.".
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысына өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдасын және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге жіберсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов