"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 833 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1-қосымшаға сәйкес құрамда "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлары кеңесін;
      2-қосымшаға сәйкес құрамда "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                          2007 жылғы 25 қыркүйектегі
                                                N 833 қаулысына
                                                   1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.01.28 N 71 , 2008.04.02 N 315
Қаулыларымен.

    "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
     компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                               құрамы

Мамытбеков           - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы     сауда вице-министрі

Сәдуақасова          - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Эльдана Макинқызы      орынбасары

Иманәлиев            - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Бақытбек Зүбайраұлы

Жаңабаев             - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Бексары Мұратбекұлы

Мырзахметов          - "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Асқар Исабекұлы        корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік
                       қоғамының басқарма төрағасы

Тәшенов              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Бақытбек Хакімұлы      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                       комитеті төрағасының орынбасары

Махамбетов           - "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық
Асқар Аралбайұлы       экономикалық палатасының Қызылорда
                       облысы бойынша филиалының директоры,
                       "ВЕSТ - Сервис" жауапкершілігі
                       шектеулі серіктестігінің директоры,
                       тәуелсіз директор

Ыдырысов             - "Ордабасы корпорациясы" акционерлік
Дінмұхамет Аппазұлы    қоғамының президенті, тәуелсіз директор

Палташева            - Қазақстан кәсіпкерлері форумының
Мінуар Тұрсынқызы      Алматы офисінің директоры, тәуелсіз
                       директор

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                          2007 жылғы 25 қыркүйектегі
                                                N 833 қаулысына
                                                   2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.04.02 N 315 , 2008.06.28 N 634
Қаулыларымен.

      "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
      компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                               құрамы

Школьник              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич      сауда министрі

Мұқашев               - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Мәулен Шопанбайұлы

Баталов               - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары
Амандық Ғаббасұлы

Сұлтанғалиев          - "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Серік Сұлтанғалиұлы     корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Кадюков               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Николай Викторович      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                        комитеті төрағасының орынбасары

Ахметов               - "Финтекс" компаниялар тобының бас
Бақытжан Әшімжанұлы     директоры, "Атамекен" Одағы" Қазақстан
                        ұлттық экономикалық палатасының Алматы
                        қаласы бойынша филиалы басқармасының
                        мүшесі, тәуелсіз директор

Жақиянов              - "К және К Талдықорған" жауапкершілігі
Қайрат Жақиянұлы        шектеулі серіктестігінің бас директоры,
                        "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
                        экономикалық палатасының Алматы облысы
                        бойынша филиалы басқармасының мүшесі,
                        тәуелсіз директор

Рахжанов              - "Астық-комбинаты" жауапкершілігі шектеулі
Серікқазы Жұмағазыұлы   серіктестігінің директоры, "Атамекен"
                        Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық
                        палатасының Алматы облысы бойынша филиалы
                        басқармасының мүшесі, тәуелсіз директор