"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 833 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1-қосымшаға сәйкес құрамда "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлары кеңесін;
      2-қосымшаға сәйкес құрамда "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің            
2007 жылғы 25 қыркүйектегі     
N 833 қаулысына          
1-қосымша             

"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

Бишімбаев            - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Қуандық Уалиханұлы     және сауда вице-министрі

Жетпісбаев           - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Арман Шәріпбайұлы      орынбасары

Иманәлиев            - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Бақытбек Зүбайраұлы

Жаңабаев             - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Бексары Мұратбекұлы

Мырзахметов          - "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Асқар Исабекұлы        корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік
                       қоғамының басқарма төрағасы

Тәшенов              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Бақытбек Хакімұлы      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                       комитеті төрағасының орынбасары

Махамбетов           - "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық
Асқар Аралбайұлы       экономикалық палатасының Қызылорда облысы
                       бойынша филиалының директоры, "ВЕSТ -
                       Сервис" жауапкершілігі шектеулі
                       серіктестігінің директоры

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2007 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 833 қаулысына     
2-қосымша      

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

Оразбақов             - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы        сауда министрі

Бөкен                 - Алматы қаласының әкімінің орынбасары
Қайрат Ахмадиұлы

Долженков             - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Виктор Анатольевич

Сұлтанғалиев          - "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Серік Сұлтанғалиұлы     корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                        акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Кадюков               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Николай Викторович      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                        комитеті төрағасының орынбасары

Ахметов               - "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық
Бахытжан Әшімжанұлы     экономикалық палатасының Алматы қаласы
                        бойынша филиалы басқармасының мүшесі,
                        "Финтекс" компаниялары тобының бас директоры