Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 820 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1)»"Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.";
      6-тармақтағы:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.";
      8-тармақта:
      бірінші абзацтағы»"заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздер»"заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарында:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына мынадай біліктілік талаптары қойылады";

      2)»"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 251-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ережеде:
      11-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі