"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.";
6-тармақтағы:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.";
8-тармақта:
бірінші абзацтағы»"заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздер "заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.";
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 251-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ережеде:
11-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 893 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі