Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 және 2007 жылғы N 79 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 808 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 79  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 38-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14-1 және 14-2-жолдармен толықтырылсын:
"14-1. 

"Қазақстан Респуб-
ликасындағы сайлау
туралы" Қазақстан
Республикасының
Конституциялық
заңына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы

Әділетмині

2008 жылғы 3-тоқсан

2008 жылғы 4-тоқсан

2008 жылғы 4-тоқсан

 
14-2.

Қазақстан Республи- касының кейбір
заңнамалық
актілеріне сайлау
заңнамасын жетілдіру
мәселелері бойынша
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
туралы

Әділетмині

2008 жылғы 3-тоқсан

2008 жылғы 4-тоқсан

2008 жылғы 4-тоқсан

 
                                                                  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі