Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат);
      2) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 407 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы;
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 224-құжат).
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 10 тамыздағы
N 686 қаулысымен  
бекітілген   

Күзет қызметін лицензиялау ережесі

       Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2007 жылғы 10 тамыздағы
N 686 қаулысымен  
бекітілген   

Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 10 тамыздағы
N 686 қаулысымен 
бекітілген  

Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғалар үшін мыналарды:
      1) жеке күзет ұйымының басшысында, сондай-ақ олардың филиалдарының басшыларында жоғарғы заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.
      Жеке күзет ұйымы басшысының лауазымдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады;
      2) күзетші лауазымына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен, қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің нашар көруіне, психикалық ауруына, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсеткіштері жоқ) жасы 19-дан төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады;
      3) қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайлардың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған келісім-шарттың) болуын;
      4) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.02. N 461 Қаулысымен);
      5) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.02. N 461 Қаулысымен).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.09 № 1334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      1-1. Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетші қызметіне:
      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің баптың тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
      2) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін күзет ұйымының басшысы немесе күзетші болып жұмысқа қабылданғанға дейін бұрын бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
      3) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған;
      4) теріс себептер бойынша үштен кем жыл бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметінен босатылған адамдар қабылданбайды.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
      1) осы біліктілік талаптарының 1-тармағында көзделген талаптар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығына келісімі.
      Ескерту. Біліктілік талаптары 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 909 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 10 тамыздағы
N 686 қаулысымен 
бекітілген   

Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1451 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.