"Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1451 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы N 1421 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімі аппаратының 21.10.2014 N 02-07/0804 хаты).
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істегені үшін лауазымдық қызмет ақыны көтеру белгіленгендерге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 08 шілдедегі № 410 қаулысына (2008 жылы 11 тамызда № 5-12-68 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулының 2 қосымшасындағы 3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, жолбасшы, хореограф, медицина жұмысшысы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов
      Келісілді:
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова