Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 шілдедегі N 566 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  16-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы»3»шілдедегі
N 566 қаулысымен  
бекітілген   

  Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) онда ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көзі, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлануы, ластану учаскелерінің тиесілілігі мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жиналатын деректер банкі болып табылады.

      3. Тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Тізілім орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады.

      4. Тізілім ластану учаскесінің тізілімдік паспорты (бұдан әрі - тізілімдік паспорт) негізінде жүргізіледі.

  2. Тізілімді жүргізу тәртібі

      5. Әрбір ластану учаскесіне табиғат пайдаланушы тізілімдік паспорт жасайды және оны тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына ұсынады.

      6. Ереже қолданысқа енгізілетін күні бар, табиғат пайдаланушылар ластаған учаскелерге қатысты 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тізілімдік паспорттар жасалады және 2008 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жіберіледі.

      7. Жаңа ластану учаскесіне арналған тізілімдік паспортты табиғат пайдаланушы оны анықтағаннан кейін үш ай ішінде жасайды.

      8. Тізілімдік паспорт (осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес) мыналарды қамтиды:
      1) тіркеу нөмірін;
      2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы мен оның географиялық координаттарын;
      3) нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге де қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрін;
      4) меншігінде (иелігінде) ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушыны;
      5) жер санатын;
      6) ластану учаскесінің параметрлерін;
      7) орналасудың техникалық шарттарын;
      8) химиялық құрамын (ластаушы заттардың атауын, көлемін және шоғырлануын);
      9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдарды;
      10) ластану учаскесінің зерттелу дәрежесін;
      11) ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамаларын;
      12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шараларды.

      9. Тізілімдік паспортты жасаған және тіркеген лауазымды тұлғалардың аты-жөнін және атқаратын лауазымын көрсете отырып, оған қол қойылады.

      10. Тізілімдік паспорт аумақтық, қоршаған ортаны қорғау органында қабылданады, тіркеледі, есепке қойылады және сақталады.

      11. Ластану учаскелерін тіркеу табиғат пайдаланушыдан тізілімдік паспортты алған күннен бастап бір ай ішінде ресімделеді.

      12. Тізілімдік паспорттар Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда олар тіркелмейді және олар аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына түскен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде табиғат пайдаланушыға тіркеуден бас тартылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пысықтауға қайтарылады.

      13. Тіркелген тізілімдік паспорттар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ресімделген тізілімге енгізіледі.

      14. Табиғат пайдаланушыға тіркелген тізілімдік паспорттың көшірмесі беріледі.

      15. Тізілімдік паспорттың осы Ереженің 8-тармағының 4), 6), 8), 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін табиғат пайдаланушы жыл сайын жаңартып отырады және 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жібереді.

      16. Аумақтық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:
      1) аумақтық тізілімге тиісті жазба енгізу жолымен ластану учаскелерін тіркеуді;
      2) тізілімдік паспорттарды аудандар бойынша толықтыруды және сақтауды;
      3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді;
      4) аумақтық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды), оның ішінде алып тастаудың күні мен негіздерін көрсете отырып, тізілімнен ластану учаскесін алып тастауды.

      17. Әрбір ластану учаскесіне тіркеу нөмірі беріледі. Аумақтық тізілімнен алынып тасталған тіркеу нөмірі жаңа ластану учаскелеріне берілмейді.

      18. Ластану учаскелерін аумақтық тізілімнен алып тастау аумақтық қоршаған ортаны қорғау органымен келісілген ластануды жою туралы жобаны және осы учаскеде орындалған жұмыстар актісін табиғат пайдаланушының ұсынуы негізінде жүргізіледі.

      19. Аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары аумақтық тізілімді жыл сайын 10 мамырдан кешіктірмей электрондық жеткізгішпен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) ұсынады, жаңа ластану учаскелері анықталған жағдайда ақпарат аумақтық тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады.

      20. Орталық тізілімді жүргізуді орталық атқарушы орган жүзеге асырады.

      21. Орталық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:
      1) ластану учаскелері туралы ақпаратты орталықтандырылған жинауды;
      2) орталық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды);
      3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді.

      22. Орталық тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарынан келіп түскен жазбаша ақпараттың негізінде орталық атқарушы орган жасайды.

  3. Қорытынды ережелер

      23. Тізілімге тізілімдік паспорттардың уақтылы енгізілуін, ақпараттың дұрыстығын бақылауды, сондай-ақ ластану учаскелерінің тізілімдік паспорттарын талдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және оларды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары жүзеге асырады.

Ережеге 
1-қосымша

Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты

1) тіркеу нөмірі __________________________
 
2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы

Облыс 

Аудан

Қала, кент

Географиялық координаттары

1

2

3

4

3) нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрі
____________________________________________________________________
 
4) меншігінде/иелігінде ластану учаскесі орналасқан аумақ бар
табиғат пайдаланушы 
____________________________________________________________________
 
5) жер санаты______________________________________________________
 
6) ластану учаскесінің параметрлері  

Ұзын-дығы, м

Ені, м

Тереңді-гі, м

Алаңы, м 2

Ластаушы заттардың түрі

Қауіптілік деңгейі

Агрегаттық жай-күйі

1

2

3

4

5

6

7

7) орналастырудың техникалық шарттары

Топырақ немесе араласушы тау жыныстарының сипаттамасы

Топырақ немесе тау жынысы

Су өткізбеушілік

Физикалық-механикалық қасиеттері

1

2

3

8) химиялық құрамы

Ластаушы заттар

Нормативтер

ҚРШ (ҚӘБД)

атауы

шоғырлануы, %

көлемі, м 3

суда

ауада

топырақта

ең төмен

ең жоғары

орташа

1

2

3

4

5

6

7

8

9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдар

Су бойынша

Ауа бойынша

Басқалар

1

2

3

10) ластану учаскесінің зерделену дәрежесі

Кім және қашан
зерттелді

Есептілік материалдың
атауы

Объектінің
зерттелген
параметрлері

1

2

3

11) ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамалары

климаттық жағдайлардың сипаттамасы

Жел өрнегі

5 м/сек астам
жылдамдығымен желдер
жиілілігі

Жауын-шашындар
түсімінің жиілілігі

1

2

3

12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шаралар________________________________________________
____________________________________________________________________

Ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын растаймын.
Жасаушы (табиғат пайдаланушы):
____________________________________________________________________
                                Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
                             лауазымы

қолы_____________                              күні_______________
___________________________________________________________________
                                 Т.А.Ә.
____________________________________________________________тіркеді.                                  лауазымы

қолы ________________                          күні________________
 

Ережеге 
2-қосымша

Ластану учаскелері мемлекеттік тізілімінің нысаны 

Тіркеу
нөмірі

Ластану
учаскесінің
орналасқан
жері

Ластану учаскесінің
тізілімдік паспортын
әзірлейтін табиғат
пайдаланушы

Тізілімнен алып
тастаудың күні
мен негіздемесі

1

2

3

4