Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Агенттің 2007 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 68400000 (алпыс сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.";
3-тармақта:
"2006" деген сандар "2007" деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесінде:
3-тармағында»", өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін және сақтандырушының өтеген сақтандыру төлемін растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасын, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасын)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі