Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 554 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Агенттің 2007 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 68400000 (алпыс сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.";
      3-тармақта:
      "2006" деген сандар "2007" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесінде:
      3-тармағында»", өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін және сақтандырушының өтеген сақтандыру төлемін растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасын, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасын)" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі