Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 237 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 506 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 111-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және су пайдаланушылардың:
      1) суды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін суарудың озық
технологияларын (тамшылап суару, жабық желілермен суару);
      2) гидромелиоративтік жүйелерді қазіргі заманға лайық басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар);
      3) суды есепке алудың аттестатталған құралдарын енгізу шарттарын ескере отырып, саралап белгілейді.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ қажет болған кезде:
      ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған);
      осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.";
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  109-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      реттік нөмірі 5-жолдың 5-бағанындағы»"қызметтердің құнын" деген сөздерден кейін "40 %" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2007 жылғы»18»маусымдағы
                                                N 506 қаулысына
                                                    1-қосымша

                                                     Ережеге
                                                    1-қосымша

       20__жылғы ______________ кезеңде _____________________
        субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су
                  пайдалануға арналған өтінім

      1. Су пайдаланушы ________________________________________
                           (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

       2 Суарылатын жердің болуы _______________________________га
      оның ішінде пайдалану көзделіп отырған ___________________га

Р/с
N

Көздің атауы
(өзен, бұлақ,
суару жүйесі,
таратушы, су
бөлу)

Себіле-
тін
дақыл

Егіс
алаңы,
га

Суару
нормасы,
м 3 /га

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      3. Су тұтыну көлемі, барлығы ________________________ мың м 3 ,
      оның ішінде вегетациялық кезең _______________________ мың м 3 ;
      вегетацияаралық кезең ___________________________ мың м 3

      Су пайдаланушы:
      ________________________
       агроқұраманың басшысы
      ________________________
       өтінім берілген күн

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2007 жылғы»18»маусыщағы
                                                N 506 қаулысына
                                                    2-қосымша

                                                     Ережеге
                                                    2-қосымша

                                                    "БЕКІТЕМІН"
                                            Облыстық (республикалық
                                               маңызы бар қаланың,
                                                 астананың) ауыл
                                            шаруашылығы департаменті
                                                    (басқармасы)
                                            _______________________
                                              20__ жылғы "__" ____

    Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің
                     жиынтық тізілімі
  _____________________________ 20 жылғы ___________________.
      (су берішінің атауы)                      (айы)

Р/с
N

Су пайдаланушылар-
дың атауы

Берілген су, мың м 3

Бекітіл-
ген та-
риф,
1000 м 3
үшін
теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның
ішінде
есепті
айда

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Көрсетілген қызмет-
тердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері
(тарифтік сметаларда
ескерілген шығындар-
дың %-ы), теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері тө-
ленген
субсидия,
теңге

Төлену-
ге
тиіс,
теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның ішін-
де есепті
айда

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның ішін-
де есепті
айда

6

7

8

9

10

11

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Су беруші ____________________________            Келісілген:
______________________________________        Аудандық (облыстық
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар            маңызы бар қаланың)
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,        ауыл шаруашылығы
астананың) ауыл шаруашылығы департаменті                бөлімі
(басқармасы) бекіткен су пайдаланушылар            _________________
тізбесіндегі ретпен келтіріледі                    20_жылғы "__"____