Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 461 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
      "88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі