"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 Қаулысы 

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде
ұсыныс енгізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 4 маусымдағы 
N 455 қаулысына    
қосымша       

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.24.  N 829  Қаулысымен.

"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы

Бүркітбаев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Серік Мінуәрұлы           көмекшісі, төраға 

Ертісбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы      ақпарат министрі

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Коржова                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна
 
Түймебаев               - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы      ғылым министрі 

Әбдімомынов             - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Азамат Құрманбекұлы       холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма
                          төрағасы