"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 Қаулысы 

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде
ұсыныс енгізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 4 маусымдағы 
N 455 қаулысына    
қосымша       

"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы

Бүркітбаев              - Қазақстан Республикасы Президентінің
Серік Мінуәрұлы           көмекшісі, төраға 

Бабақұмаров             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы           ақпарат вице-министрі 

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы         вице-министрі

Супрун                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич         бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қуанғанов               - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы        ғылым вице-министрі

Әбдімомынов             - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Азамат Құрманбекұлы       холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма
                          төрағасы