Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
12-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі