"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»30 мамырдағы
N 440 қаулысымен
бекітілген
1. Осы Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Осы Ереже мемлекеттік меншіктегі Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша әкетуді регламенттемейді.
2. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру
жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесер, көрмелер және халықаралық
мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ автордың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, осы Ережеде белгіленген тәртіппен өзі жасаған мәдени құндылықтарды әкету жағдайларын қоспағанда, мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
Мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту тәртібі уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптама
комиссиясының қорытындысы - Қазақстан Республикасынан әкетілетін заттың мәдени құндылығын белгілейтін мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - сараптама комиссиясының қорытындысы);
2) уәкілетті орган - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) өтініш беруші - мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
4) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар.
4. Мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге
әкетуге және оларды қайтаруға рұқсат ететін құжат осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган беретін мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
5. Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші
уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасындағы әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар сараптамасының нәтижелері бойынша берілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын мәдени құндылықтары әкету және әкелу жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы;
3) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құраушы бөліктердің 10x15 сантиметр мөлшерлі саны екі дана фотосуреті.
6. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы шешімді уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган көрсетілген құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік және Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін негіз болып табылатын куәлік береді.
Автор Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетер кезінде өзі жасаған мәдени құндылықтарды автордың әкету жағдайларын қоспағанда, мәдени құндылықтардың елден тыс жерлерде болу мерзімі алты айдан аспайды.
7. Рұқсат беруден бас тартуға:
1) оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын
қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың сараптама комиссиясының
қорытындысында көрсетілген қанағаттанғысыз табиғи жай-күйі;
2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
3) сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген әкету
мақсатының өтініште көзделген мақсатпен сәйкес келмеуі негіз болып
табылады.
Мәдени құндылықтарды
әкетуге және әкелуге
рұқсат беру ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК
N _____
___________ қаласы 2007 жылғы»"____"________
1. Өтініш беруші (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)______________
___________________________________________________________________
2. Азаматтығы _____________________________________________________
________ жылғы "____"________ берілген
паспортының немесе жеке куәлігінің N ________________
заңды тұлғаның деректемелері ______________________________________
3. Өтініш берушінің кәсібі (жұмысы)________________________________
4. ________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі
сараптама комиссиясының
200__ж. "____"________ N ____ қорытындысы негізінде төмендегі
мәдени құндылықтарға ____________________________________ мақсатында
__________________________ мемлекетіне 200__ж. "____"________
200__ж. "____"________ мерзіміне Қазақстан Республикасынан уақытша
әкетуге рұқсат берілді ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Уәкілетті тұлға ______________________________
(Т.А.Ә және лауазымы)
М.О Қазақстан Республикасы
кеден органдарының белгісі