Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 370 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының»" Ғылым туралы " 2001 жылғы 9 шілдедегі және»" Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

         1. » "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 460  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 206-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережеде:
      6, 7, 9, 11-тармақтардағы»"ғылыми ұйымдарды",»"Ғылыми ұйымдарды",»"ғылыми ұйымдар" деген сөздерден кейін»"(денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ұйымдастырады және өткізеді.";

      7-тармақта:
      бірінші абзацтағы»"(бұдан әрі - Комиссиялар)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацта:
      "Уәкілетті" деген сөз»"тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Комиссиялардың" деген сөз»"Аттестаттау комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі  мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.";

      8, 10, 11-тармақтардағы "Комиссиялардың", "Комиссияға", "Комиссиялар" деген сөздер тиісінше»"Аттестаттау комиссияларының",» "аттестаттау комиссиясына",»"Аттестаттау комиссиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына:
      1) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі
мемлекеттік органның;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның;
      3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттау өткізгенге дейін үш айдан кешіктірмей ғылыми ұйымдардың назарына жеткізіледі.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды аттестаттау (немесе аттестаттаудан бас тарту) туралы шешімді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган қабылдайды.";

      12-тармақта екінші абзацтағы»"Уәкілетті" деген сөз»"тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі