Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 322 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларында:
      "Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда" деген 1-бөлімнің»"Төлем ставкалары, бір килограмм үшін теңгемен" деген бағанында:
      реттік нөмірі 2-жолдағы "30" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы "25" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 24-жолдағы "10" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 27-жолдағы "5" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі