Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1061 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларында:
"Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда" деген 1-бөлімнің "Төлем ставкалары, бір килограмм үшін теңгемен" деген бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы "30" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы "25" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы "10" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 27-жолдағы "5" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі