Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 193 Қаулысы

Жаңартылған

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысына   
қосымша    

Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Балиева                - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi,
Зағипа Яхияқызы          төрайым

Құсдәулетов            - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы           вице-министрi, төрайымның орынбасары

Қожамжаров             - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайрат Пернешұлы         қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                         күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                         төрағасының орынбасары, төрайымның
                         орынбасары

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Ерлан Әскерұлы           Заңнама департаментінің директоры, хатшы

Баймағамбетова         - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Бағила Бiрмағамбетқызы   Мәжiлiсi Халықаралық iстер, қорғаныс
                         және қауiпсiздiк комитетiнiң хатшысы

Ахметов                - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қабдығали                Сенаты Мемлекеттiк құрылыс және құқықтық
                         реформа комитетiнiң хатшысы

Ақылбай                - Қазақстан Республикасының
Серік Байсейітұлы        Парламенті Сенатының депутаты
                         (келісім бойынша)

Абайділдин             - Қазақстан Республикасының Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы      Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Турецкий               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Николай Николаевич       Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ищанов                 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қайрат Қыдырбайұлы       Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
                         комитетiнiң мүшесi

Рахманбердиев          - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Орынбай                  Сенаты Халықаралық iстер, қорғаныс және
                         қауiпсiздiк комитетiнiң мүшесi

Бөрібаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Исмайылұлы         ақпарат вице-министрі

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлiк
Азат Ғаббасұлы           және коммуникация вице-министрi

Қасымов                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет              вице-министрі
Нұрмұханбетұлы

Мамытбеков             - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы       сауда вице-министрі

Көмекбаев              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы           қызмет iстерi агенттiгi төрағасының
                         орынбасары

Cәрсенбаев             - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы        ортаны қорғау вице-министрi

Жанасаев               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Болат Бақытжанұлы        орынбасары

Тілеухан               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Нәркес Түлекқызы         Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің
                         меңгерушісі (келісім бойынша)

Бишеғаев               - Қазақстан Республикасы
Асқар Дарұшұлы           Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
                         төрағасының орынбасары

Тәжияқов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы     Банкі Төрағасының орынбасары

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әскерұлы           министрлігі Заңнама департаментінің
                         Директоры

Мәуленов               - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ғазиз Сырбайұлы          қылмыстық-құқықтық пәндер
                         кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының
                         кандидаты, профессор

Бекбаев                - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ерзат Зейноллаұлы        құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
                         орталығы директорының орынбасары, заң
                         ғылымдарының кандидаты

Байжанов               - Қаржы полициясы академиясы бастығының
Нұрсейіт Әбсаттарұлы     орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты

Нұғманова              - заң ғылымдарының кандидаты (келісім
Элмира Әбдікқызы         бойынша)

Кравченко              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Андрей Николаевич        Мемлекеттік органдар қызметіндегі
                         заңдылықты қадағалау департаментінің
                         бастығы
 
Жалмағамбетова         - Қазақстан Республикасының
Светлана Жақиянқызы      Парламенті Сенатының депутаты
                         (келісім бойынша)

Оразаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы        вице-министрі

Әбденов                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Қуанғанов              - Қазақстан Республикасының
Фархад Шаймұратұлы       Білім және ғылым вице-министрі

Құдайбергенов          - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы     монополияларды реттеу агенттігі
                         төрағасының орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы         Экономика және бюджеттік
                         жоспарлау вице-министрі

Дәленов                - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы        Қаржы вице-министрі

Үкібаев                - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы         Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші
                         орынбасары (келісім бойынша)

Шаяхметов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әділ Шаяхметұлы          қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
                         орынбасары (келісім бойынша)

Тәжияқов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы     Банкі Төрағасының орынбасары
                         (келісім бойынша)

Нұғманов               - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның
Тимур Ерсайынұлы         ұлттық экономикалық палатасы"
                         заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                         дирекциясы заң департаментінің
                         директоры (келісім бойынша)

Дүйсембинов            - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Берік Сәлімжанұлы        экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                         бірлестігінің атқарушы директоры (келісім
                         бойынша)

Сыпченков              - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық
Юрий Николаевич          партиясының Орталық аппараты заң
                         департаментінің директоры (келісім бойынша)

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.18
N 309 , 2007.10.05 N 905 , 2008.04.07 N 323 , 2008.06.16  N 587 ,
2008.12.24 N 1248 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысымен  
бекiтiлген  

Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жағдай туғызатын нормалардың болу мәнiне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша;
      2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      4. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
      1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.

3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.

      6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi болып табылады.

      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткiзуге дейiн кемiнде 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Комиссия мүшелерiне жiбередi.

      8. Комиссия отырысы күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледi.

      9. Отырыстардың күн тәртiбi, сондай-ақ олардың өтетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы белгiлейдi және нақтылайды.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

      11. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.