Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысына
қосымша
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Лукин - Қазақстан Республикасы
Андрей Иванович Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi
төрағасының орынбасары (қаржы полициясы),
төрайымның орынбасары
Скрябин - "Қазақстан Республикасы 3аңнама
Сергей Васильевич институты" жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктiң директоры, заң ғылымдарының
кандидаты, доцент, хатшы
Ыбырайым - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Мұхтарбекұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң Аппараты Басшысының
орынбасары
Баймағамбетова - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Бағила Бiрмағамбетқызы Мәжiлiсi Халықаралық iстер, қорғаныс
және қауiпсiздiк комитетiнiң хатшысы
Ахметов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қабдығали Сенаты Мемлекеттiк құрылыс және құқықтық
реформа комитетiнiң хатшысы
Ақылбай - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Серiк Байсейiтұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң
мүшесi
Иманқұлов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Едiлбай Исламұлы Сенаты Өңiрлiк даму және салалық даму
комитетiнiң мүшесi
Ищанов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қайрат Қыдырбайұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетiнiң мүшесi
Рахманбердиев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Орынбай Сенаты Халықаралық iстер, қорғаныс және
қауiпсiздiк комитетiнiң мүшесi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлiк
Азат Ғаббасұлы және коммуникация вице-министрi
Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Айдар Әбдiразақұлы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Айтбай - Қазақстан Республикасы
Қайрат Орынбайұлы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аппарат
басшысы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қозы-Көрпеш қауiпсiздiк комитетi төрағасының
Жапарханұлы орынбасары
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттiгi төрағасының
орынбасары
Cәрсенбаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы ортаны қорғау вице-министрi
Қоғамов - Қаржы полициясы академиясының
Марат Шекішұлы бастығы, заң ғылымдарының докторы,
профессор
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы министрінің орынбасары
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi
Бишеғаев - Қазақстан Республикасы
Асқар Дарұшұлы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
төрағасының орынбасары
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әскерұлы министрлігі Заңнама департаментінің
Директоры
Мәуленов - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ғазиз Сырбайұлы қылмыстық-құқықтық пәндер
кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының
кандидаты, профессор
Бекбаев - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ерзат Зейноллаұлы құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
орталығы директорының орынбасары, заң
ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 193 қаулысымен
бекiтiлген
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн жағдай туғызатын нормалардың болу мәнiне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша;
2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткiзуге дейiн кемiнде 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Комиссия мүшелерiне жiбередi.
8. Комиссия отырысы күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
9. Отырыстардың күн тәртiбi, сондай-ақ олардың өтетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы белгiлейдi және нақтылайды.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берiлуi тиiс.