Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 133 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-жолмен толықтырылсын:
      "20. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ";

      2) "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      12-тармақта:
      "Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi;
      Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Тұржанов Серiк Әбдiғалиұлы - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Мұсабаев Талғат Амангелдiұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
      Тәшенев Бақытбек Хәкiмұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Батырғажин Азамат Байқуанышұлы - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы";

      3) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14-жолмен толықтырылсын:
      "14. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа  енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі