Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 117 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө  өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 16 ақпандағы
N 117 қаулысымен  
бекiтiлген  

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 838  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 34, 343-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 9.3-жол алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 617-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 12-жолда:
      4-бағанда "АБА, Әдiлетминi, ПМК" деген аббревиатуралар мен сөз "Әдiлетминi, АБА, ПМК" деген сөзбен және аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      5-бағанда "3" деген сан "1-2" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. "2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң 4 Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө  өкiмiнде :
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң 4 Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 ж. 3-4 тоқсан".

      4. "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359  қаулысында
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" бөлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 10-жолдың 5-бағанында "1" деген сан "3-4" деген сандармен ауыстырылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      6.  күші жойылды
       Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.20. N  319   қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 маусымдағы N 600  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 241-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 35-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 жылғы қыркүйек".